Программа вступительного экзамена для приема в резидентуру



бет4/18
Дата10.12.2023
өлшемі281 Kb.
#135681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-programma-dlya-postupleniya-v-rezidenturu-po-speczialnosti-oftalmologiya

Ситуациялық есеп №6.
33 жастағы науқас. Құрылысшы. Көздің ішінде лас болу сезіміне, қызаруына, азанда қабақтың жабысуына шағымданады. 2 күндей ауырған. Аурын шаң бөлмеде жұмыс істеуімен байланыстырады. Объективті: қабақтың шырыш қабаты және күмбезі айқын қызарғанда шырыш қабықтың жедел ісінуі, күмбезде шырыш-іріңді бөліністер байқалады. Vis OD 1.0/ OS 1.0. Диагноз? Ұсынылған зерттеулер?

  1. Жедел конъюнктивит. Бактериологиялық жағынды алу.

  2. Гонобленнория. Бактериологиялық жағынды және гонореяға зерттеу.

  3. Аденовирусті конъюктивит. Вирусологиялық зерттеулер.

  4. Дифтериялық конъюнктивит. Конъюнктивадан және жұтқыншақтан микроскопиялық жағынды алу.

Ситуациялық есеп №7.
Емхана офтальмологиялық бөлмесіне мынандай шағымдармен науқаскелді; бастың ауруы, оң көзде ауру сезімі, қызаруы, көз жас қапшығының ісінуі, және флюктуациясы, қабағының қызаруы және ісінуі, көз ашылмайды. Қарағанда: ісіну, қызару, көз қапшыған пальпациялағанда өткір ауру сезімі, ісінген қабақпен көз жарығы жабылған. Көз жас қапшық аймағы ісінген және қатты қызарған. Диагноз қойыңыз? Емдеу тактикасы?

  1. Жедел дакриоаденит. Хирургиялық ем.

  2. Жедел дакриоцистит. Хирургиялық ем.

  3. Жедел дакриоаденит. Терапиялық ем.

  4. Жедел дакриоцистит. Терапиялық ем.


Ситуациялық есеп №8.
Сізге кеңеспен жақын досыңыздың әкесі келіп тұр. Оған 54 жас, ол гаражда механик болып істейді. Шағымдары: каөз алдында шыбын шіркей және тордың көрінуі (көз алдында қабыршық тұрғандай және ол жарықты көруге кедергі келтіреді). Алысты көру шамалы төмендеген, бірақ оң көзі нашар көреді. Бұны бірінші рет 1 жыл бұрын байқаған. Тексеру бойынша: көз жітілік OD = 0.4 н/к, OS = 0.6 н/к. Көзі тыныш, қасаң қабығы және мөлдір қабығы өзгермеген, қарашықтары қара, жарыққа жақсы әсер етеді. Көз түбі рефлексі OD және OS өзгермеген, OD қызыл фонда перифериясында күңгірт-сұр түстес штрих тәрізді лайлану көрінеді.

  1. Қандай зерттеу әдістерін қолдану қажет.

  2. Бұл науқастан нені күдіктенесіз.

  3. Бұл патологияны немен дифференциалды диагностика жасау қажет.

  4. Сіздің қосымша іс әрекет тактикасының маңызы неде?

  5. Бұл патологияны консервативті түрде емдеуге болама?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет