Программа вступительного экзамена для приема в резидентуру



бет5/18
Дата10.12.2023
өлшемі281 Kb.
#135681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ситуациялық есеп №9
Науқас 45 жаста. Ұстасы. Шағымдары: 5 ай бұрын пайда болған жоғарғы қабақтағы ауырмайтын түзілім. Бір ай бойы түзілімнің өсуі байқалады. Объективті: қабақтың 3/1 бөлігінен 3 мм шетінен шамалы диаметрі 4 мм, ауырмайтын түзілім. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Түзілім асты шырыш қабығы шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгеріссіз. Vis OD 1.0/ OS 1.0. Диагноз? Қандай ем ұсынасыз?

  1. Теріскен. Сығып шығару.

  2. Теріскен. Брильянт жасылын жағу.

  3. Фурункул. Вишневский май жағындысымен компресс жасау.

  4. Фурункул. Шырыш қабық қуысына сары сынап майын салу.

  5. Холязион. Хирургиялық ем.


Ситуациялық есеп №10.
Анасы 1.5 айлық баламен көз дәрігеріне қаралды. Анасының айтуы бойынша, туылғаннан соң 2 аптадан кейін баланың көзінде жастың тұрып қалуын байқаған, кейін шырышты бөлінділер пайда болады. Балалар кеңесінде нәрестеге тамшы тағайындаған. Жалпы жағдайы жақсарды, бірақ кейін жастың тұрып қалуы, іріңді-шырышты бөлінділер қабақтың шетінен шығатыны анықталды, конъюнктиваның жеңіл қызаруы байқалады. Жас қабын басқан жағдайда жас нүктесінен шырышты-іріңді бөлінділер шығады. Диагноз қойыңыз? Этиологиясы.

  1. Жаңа туылғандардың дакриоциститі. Жас-мұрын өзегінің бітелуі.

  2. Канакулит. Саңырауқұлақ инфекциясы.

  3. Жаңа туылғандардың гонобленореясы. Профилактика жүргізілмеген.

  4. Дакриоаденит. Жастың шамадан тыс бөлінуі.



Ситуациялық есеп №11.
60 жасар науқас түнде пайда болған сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, ауру сезіміне және бастың сол жағының ауруына, лоқсу, құсуға шағымданады. Тексергенде: Vis OD - 0.5 (+)2.0=1.0 / OS = 0.04 коррекцияланбайды. Т – 47 мм.рт.ст. Сол көзі – көз саңылауының тарылуы, көз алмасының айқын қызаруы, ісінген қасаң қабық, алдыңғы камера майда, көздің қарашығы 5 мм-ге дейін ұлғайған, дұрыс емес доғал формалы, көз түбінің рефлексі көмескі – қызғылт, көру жүйесінің дискісі тұманданып тұр. Оң көзі жасына сай. Диагнозды таңдаңыз.

  1. Гипертоникалық криз.

  2. Глаукоманың жедел ұстамасы.

  3. Жедел конъюнктивит.

  4. Жедел иридоциклит.

  5. Ісінген катаракта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет