Ситуациялық есеп №9 Науқас 45 жаста. Ұстасы. Шағымдары: 5 ай бұрын пайда болған жоғарғы қабақтағы ауырмайтын түзілім. Бір ай бойы түзілімнің өсуі байқалады. Объективті: қабақтың 3/1 бөлігінен 3 мм шетінен шамалы диаметрі 4 мм, ауырмайтын түзілім. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Түзілім асты шырыш қабығы шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгеріссіз. Vis OD 1.0/ OS 1.0. Диагноз? Қандай ем ұсынасыз?
Теріскен. Сығып шығару.
Теріскен. Брильянт жасылын жағу.
Фурункул. Вишневский май жағындысымен компресс жасау.
Фурункул. Шырыш қабық қуысына сары сынап майын салу.
Холязион. Хирургиялық ем.
Ситуациялық есеп №10. Анасы 1.5 айлық баламен көз дәрігеріне қаралды. Анасының айтуы бойынша, туылғаннан соң 2 аптадан кейін баланың көзінде жастың тұрып қалуын байқаған, кейін шырышты бөлінділер пайда болады. Балалар кеңесінде нәрестеге тамшы тағайындаған. Жалпы жағдайы жақсарды, бірақ кейін жастың тұрып қалуы, іріңді-шырышты бөлінділер қабақтың шетінен шығатыны анықталды, конъюнктиваның жеңіл қызаруы байқалады. Жас қабын басқан жағдайда жас нүктесінен шырышты-іріңді бөлінділер шығады. Диагноз қойыңыз? Этиологиясы.
Жаңа туылғандардың дакриоциститі. Жас-мұрын өзегінің бітелуі.
Канакулит. Саңырауқұлақ инфекциясы.
Жаңа туылғандардың гонобленореясы. Профилактика жүргізілмеген.
Дакриоаденит. Жастың шамадан тыс бөлінуі.
Ситуациялық есеп №11. 60 жасар науқас түнде пайда болған сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, ауру сезіміне және бастың сол жағының ауруына, лоқсу, құсуға шағымданады. Тексергенде: Vis OD - 0.5 (+)2.0=1.0 / OS = 0.04 коррекцияланбайды. Т – 47 мм.рт.ст. Сол көзі – көз саңылауының тарылуы, көз алмасының айқын қызаруы, ісінген қасаң қабық, алдыңғы камера майда, көздің қарашығы 5 мм-ге дейін ұлғайған, дұрыс емес доғал формалы, көз түбінің рефлексі көмескі – қызғылт, көру жүйесінің дискісі тұманданып тұр. Оң көзі жасына сай. Диагнозды таңдаңыз.
Гипертоникалық криз.