Микропроцессордың турлері: сіз белгісіз бір фирманың микропроцессорын сатып алдыңыз, мейлі ол жоғары сапалы, жоғары жиілікті болсын, бірақ ол фирма танымал болмағандықтан сізге бұл микропроцессормен жақсы үйлесімді операциялық жүйе т.б. компьютер құрылғыларын алу қиынға соғады. Осыған байланысты микропроцессор таңдағанда, алдымен фирмасын, содан кейін басқа қасиеттерін өз қалауынша таңдай бересіз. Қазіргі таңда ең жоғары сервистік қызмет көрсетін фирманың микропроцессорларын таңдаған дұрыс. Ол фирмаларға АҚШ-тың «Intel» және «AMD» фирмалары жатады. Бұл екі фирма дүниежүзінде танымал. «Intel» фирмасы өзінің «Pentium Xeon» маркалы жоғары жиілікті, серверге арналған процессорын мақтан тұтса, «AMD» фирмасы өзінің «3D Now!!!» технологиялы «Athlon’’32» процессорын мақтан тұтады
2
Қораптың түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріп өз сөзіңізбен жазыңыз
Қораптар түрлері Қораптың екі басты түрі қолданылады: desktop (көлденең) және tower (тік). Соған қарамастан, бір-бірінен форм-факторлары арқылы, оған орнатылған құрылғы мөлшерімен ерекшеленетін қораптар кездеседі.
Desktop. Өз атауы айтып тұрғандай, қорап үстел үстіне орнатуға арналған. Оның мөлшері үлкен емес және үстіне сұйық кристалды монитор қоюға болатындай етіліп, көлденең түрде жасалған. Оның қалыпты мөлшері – 45 х 45 х 20 см.
Mini Tower - бұл қораптың тік түрі. Ол өз уақытында танымал болды, себебі қажетті жабдықтарды өзіне орналастыруға мүмкіндік берді.
Арнайы үлкейтілген көлемі арқасында (45x20x45 см) екі-үш 3,5-5,25 дюймдік бөлігі бар, яғни қажетті мөлшердегі жинақтарды толық қосу үшін жеткілікті.
Әдетте осы қорап түрі қуаты 250-300 Вт қоректендіру блогымен жабдықталған, бұл барлық жұмыс құрылғысын тұрақты қамтамасыз етеді.
Midi (Middle) Tower- Tower жүйелік блоктардың сериясын жалғастырады. Оның негізгі ерекшелігі-аса биік қорап (50x20x45 см.) Mini Tower қорабына қарағанда біреуіне 5,25-дюймдік бөлікті көбірек сыйғызуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты блоктың ішкі құрылым бөлігі үлкейеді, яғни қажетті температура режимін сақтайды.
Бұл қорап түрі, температура режимін қадағалауды қажет етпейтіндіктен кеңге таралған. Ережеге сай, қоректену блоктың қуаты 300 Вт, бірақ бұл шектеу емес. Осы мақсатта қорап желдеткіш торларымен және қосымша желдеткіштер үшін бекітулермен қамтылған.
Big (Full) Tower-Tower сериясының тағы бір түрі. Негізгі сипаттамасы: алты мен сегіз арасындағы 5,25-дюймдік және екеу ден бесеуге дейін 3,5-дюймдік бөлімдері бар ( мөлшері 65x20x48 cм.).
Big (Full) Tower жүйелі блок компьютерін сервер түрінде, бейнені өңдеу немесе басқа да мақсат үшін қолдануға болады. Әдетте мұндай қораптарда құраушыларды салқындату үшін қосымша желдеткіштер және қуаты 400 Вт қоректендіру блогы орнатылады. Сонымен бірге, қосымша қоректендіру блокты орнатуға мүмкіндіктер болады. Қорапта орнатылған диск-жетектер алдыңғы тақтада және компьютерді басқару тетіктері ашпа есік астында орналасқан.
File Server-қорабы тек сервер үшін қолдануымен ерекшеленеді. Ереже бойынша, мұндай қораптарда 5,25-дюймдік үшін сегіз-он және 3,5-дюймдік үшін бірнеше бөлімдер орналасқан. Қорап үшін пішіндерден басқа факторлар пішіні (форм-фактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор.
Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) қораптар пайдаланылады: АТ, АТХ. Қораптың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.