«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы: Ерекше жағдайларды өңдеу Мақсаты



бет21/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Программалау 1 каз УМКД

Тақырыбы: Ерекше жағдайларды өңдеу
Мақсаты: Информатиканы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру
Дәріс мазмұны:
1.Ерекше жағдайларды өңдеу.
2.Өңдеудің жалпы механизмі және ерекшеліктер синтаксисі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары мұғалім мен оқушы арасындағы мәлімет алмасу құрылымының көрінісі. Ол оқыту мазмұны мен оқыту әдістеріне байланысты анықталады. Бұл құрылымның форма құрушы элементі компьютер болып есептеледі. Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда келесі мәселелерге көңіл аударылуы тиіс;
- бірлесе әрекет жасайтын қатысушылар санына байланысты, жаппай (фронтальды) формада
- топтық (бригадалық) формада;
- жеке және жұптасып жұмыс істеу формасында;
- рольдік ойындар формасында.
Бұл кезде оқу процесінде қатысушыларға қатысты (кім басқарады? Мұғалім, оқушы немесе компьютер) жағдайлары анықталады.
Оқыту формаларын дамыту мәселесінде келесі жағдайлар қарастырылады. Біріншісі, жеке оқуды ұжымдық оқумен ұштастыру. Оқытудың бұл түрі компьютердің, программалардың көмегімен жеке оқыту мен ұжымдық оқыту арасындағы қайшылықты жоюға бағытталған. Бұл кезде арнайы жазылған оқу программалары бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс істей алады. Екіншісі, оқыту процесін мұғалімнің басқаруынан оқушылардың өзін-өзі басқаруына беру.
Бұл оқъггу формалары жеке оқыту формасымен тығыз байланысты қарастырылады. Мұнда компьютер программаларының біртекгі алгоритмдерден бастап, гипертекстерге дейін әр түрлі нұсқаларда өзгеру мүмкіндігі оқушы танымын басқаруға мүмкіндік береді.
Оқушының ойлау процесін түсіну және оның кездесетін қиындықтары мен жұмыс барысында жіберетін қателерінің мәнің ұғыну үшін логикалық ойлау операцияларының ЭЕМ-ге байланысын жан-жақты қарастыру қажет.
Анадиз және синтез. Оқушыларда қалыптасқан бұрынғы түсінік мен енді берілетін жаңа түсініктердің арақатынасы негізіне өзіндік мәні бар анализ, синтез операциялары жатады. Информатика пәнінде бұл операциялар есептің қойылымын талдауда программалық құралдар көмегімен есеп шешімін синтездеуде ерекше көрініс табады. Анализ немесе талдау операциясын программада кездескен қателердің себебін анықтау үшін қолдануға болады. Бұл кезде программаның орындалу процесі қадамдарға жіктеледі де берілгендердің өзгеріп отыруы қадамдардың тізбегін өзгертеді. Осылайша алгоритм құрамына жасалған болжамның фактіден өзгеше болатын сәтін табу программадағы қатені табу ерекетіне айналады. Синтездеу операциясына оқушылардың берілген командалардың қызметін түсінуі және сол командалардың орындалуының ортаға әсерін бақылауы арқылы компьютерлік ортаның моделін ойша жасауы мысал болады.
Салыстыру және классификация Зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталады. Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Мұнда алдымен ұғымдердың ұқсастығы содан кейін айырмашылығы көрсетіледі. Информатика пәнінің оқу мазмұнын салыстыра игеру өзара байланысты нақты тәсілдер арда жүзеге асырылады. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Информатикадан сабақ беру кезінде салыстыру тәсілін жүйелі және жоспарлы қолдану, білімді тереңдетіп қана қоймай оқушылардың ақыл-ойын, танымдық ойлау қызметін белсендіреді. Салыстыра отырып бақылау, өзгерісті байқау, адамның ойлау қызметінің негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет