Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет181/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

monstr *m; ...
 
m -> ~monstr();
Бұл асыра жүктелген 
new
операциясының көмегімен нақты көрсетілген 
жады адресі бөлінген объектілер үшін керек болуы мүмкін. Объект деструкто-
рын ол қажет болмаған жағдайларда айқын түрде тікелей шақыру керек емес.
Операциялардың асыра жүктелуі
С++ тілі көптеген операциялардың əрекеттерін нақты көрсетілген кластың 
объектілерімен бірге қолдану кезінде, олар бекітілген функцияларын орын-
дайтындай етіп қайта анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өзіндік мəліметтер 
типтерін дəл стандартты мəліметтер типтері сияқты қолдануға жол ашады. 
Өзіндік операциялардың белгілерін енгізуге болмайды. С++ тілінде төменде 
көрсетілген операциялардан басқа осы тілде бар барлық операцияларды асыра 
жүктеуге болады:
. .* ?: :: # ## sizeof
Операцияларды асыра жүктеу арнайы түрдегі əдістер көмегімен (функция-
операциялар) жүзеге асырылады жəне келесі ережелерге бағынады:
□ операцияларды асыра жүктеу кезінде аргументтер саны, операция 
басымдықтары жəне стандартты мəлімет типтерінде қолданылатын ас-
социация ережелері (оңнан солға немесе солдан оңға қарай) сақталады;
□ стандартты мəлімет типтері үшін операцияларды қайта анықтауға бол-
майды;
□ функция-операциялардың келісім бойынша берілген аргументтері болуы 
мүмкін емес;
□ функция-операциялар мұраланады (= операциясынан басқасы);
□ функция-операциялардың
 static
ретінде анықталуы мүмкін емес.
Функция-операцияны үш тəсілмен анықтауға болады: ол класс əдісі, не-
месе кластың достас функциясы, немесе қарапайым функция болуы керек
Соңғы екі жағдайда функция класс типті, класқа нұсқауыш немесе сілтеме 
типті кем дегенде бір аргументті қабылдауы керек
1
.
Функция-операция құрамында 
operator 
түйінді сөзі, одан кейін қайта 
анықталатын операция белгісі орналасады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет