Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет176/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   465
class A{ 
public:
static int count; // Класс құрамында жариялау
};
...
int A::count; // Ауқымды аймақта анықтау
// Келісім бойынша нөлмен инициалданады
/* int A::count = 10; Кездейсоқ мəнмен инициалдану мысалы */
□ Статикалық өрістеріне класс атауы арқылы да, объект атауы арқылы да 
қол жеткізуге болады:
А *а, b;
...
cout << A::count << a->count << b.count; 
// бірдей нəтиже шығарылады
Статикалық өрістерге қол жеткізу спецификаторларының əрекеті 
таралады, сондықтан
 
private
 түрінде сипатталған статикалық өрістерді 
жоғарыда көрсетілген əрекет ету аймағына қол жеткізу операциясының 
көмегімен өзгертуге болмайды. Мұны тек қана статикалық əдістердің көмегімен 
орындауға болады (ары қарай қараңыз).
Статикалық өріс пайдаланатын жады объект көлемін
 
sizeof
 
 опера-
циясы көмегімен анықтау кезінде ескерілмейді.
Статикалық əдістер
Статикалық əдістер кластың статикалық өрістерін пайдалану үшін қажет. 
Олар тек тікелей статикалық өрістерді пайдалана алады жəне кластың тек 
басқа статикалық əдістерін шақыра алады, өйткені оларға жасырын
 
this
нұсқауышы берілмейді. Статикалық əдістерді пайдалану дəл статикалық 
өрістерді пайдалану сияқты – класс атауы арқылы немесе кластың кем дегенде 
бір объектісі құрылған жағдайда объект атауы арқылы орындалады.


202
class A{
static int count; // count өрісі жасырын 
public:
static void inc_count() { count++; }
...
};
...
A::int count; // ауқымды аймақта анықтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет