Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


void типі көрсетіледі. □ Параметрлер тізімі



Pdf көрінісі
бет70/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   465
void
типі көрсетіледі.

Параметрлер тізімі 
функцияға оны шақыру кезінде берілуі тиіс 
болатын шамаларды анықтайды. Параметрлер тізімінің элементтері бір-
бірінен үтір арқылы ажыратылады. Функцияға берілетін əрбір параметрдің 
аты мен типі көрсетіледі (жариялау кезінде оның атын көрсетпеуге де 
болады). 
□ Функция арқылы өңделетін аластаулар туралы «Функцияның аластама-
лар тізімі» бөлімінде 245 б. жазылған. 
Бір функциянының анықталуындағы, жариялануындағы жəне 
шақырылуындағы параметрлердің типтері мен жазылу реттілігі бір-бірімен 
сəйкес келу керек. Параметрлер аттарына олардың сəйкестігі бойынша шек 
қойылмайды, себебі функцияны əртүрлі аргументтермен шақыруға болады, ал 
прототиптердегі атауларды компилятор ескермейді (олар тек программаның 
оқылуын жеңілдету үшін қолданылады). 
Функцияны 
inline
модификаторының көмегімен құрамдас функция 
ретінде анықтауға болады, бұл модификатор компиляторға функцияны 
пайдалану орнына оның кодын əрбір шақыру нүктесіне тікелей орналасты-
ру керек екенін көрсетеді. 
inline
модификаторы функция типінің алдына 
қойылады. Ол қысқа функцияларды шақыруға кететін қосымша шығындарды 
азайту үшін (регистрлерді сақтау жəне қалпына келтіру, басқаруды беру) 
қолданылады. i
nline
директивасы ұсынылатын əрекет ретінде беріледі, 
сондықтан компилятор оны мүмкіндігіне қарай орындайды. 
inline 
функ-
цияларды пайдалану атқарылатын программаның көлемін ұлғайтып жіберуі 
мүмкін. Функцияны анықтау оны шақырулардан бұрын орындалуы тиіс, 


76
əйтпесе компилятор 
inline 
кеңейтілудің орнына қарапайым функцияны 
шақыру əрекетін атқарады.
Қайтарылатын мəннің типі жəне параметрлердің типтері біріге отырып
функцияның типін анықтайды. 
Қарапайым жағдайда функцияны шақыру үшін оның атын, содан кейін жай 
жақша ішінде үтірлер арқылы бөлініп берілетін аргументтер аттарын көрсету 
керек. Функцияны шақыру программаның кез келген бөлігінде орындалуы 
мүмкін, ол тек синтаксис бойынша функцияның қайтаратын типі тұра ала-
тын орында тұрса болғаны. Егер функцияның қайтаратын мəнінің типі
 void
болмаса, онда ол кез келген өрнектің құрамына енуі мүмкін немесе жалпы 
меншіктеу операторының оң жақ бөлігінде орналаса алады.
Екі бүтін шаманың қосындысын қайтаратын функция мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет