Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


int fl  (){ return 1;}     // дұрыс



Pdf көрінісі
бет125/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

int fl  (){ return 1;}     // дұрыс

void f2(){ return 1;}    /* дұрыс емес, f2 мəн  

          

 

 

 

 

қайтармауы тиіс */

double f3(){ return 1;}  /* дұрыс, 1 double типіне 

                                                                                  



түрлендіріледі */

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ 

Функциядан жергілікті айнымалыға нұсқауышты қайтаруға болмайды, себебі 

функцияға ішінде жергілікті айнымалыларға бөлінген жады функция жұмысынан соң бо-

сатылады.

Мысалы: 

int* f(){

int a = 5; 

return &a ;          // бұлай жазуға болмайды!




79

Функцияның параметрлері

Параметрлер механизі шақыратын жəне шақырылатын функциялар 

арасындағы ақпарат алмасудың негізгі жолы болып табылады. Функция 

сипаттамасының тақырыбында көрсетілген параметрлер формалды параметр-

лер немесе жай ғана параметрлер деп аталады, ал функцияны шақыру опе-

раторында жазылған параметрлер нақты параметрлер немесе аргументтер деп 

аталады.

Функцияны шақыру кезінде алдымен аргументтердің орнында тұрған 

өрнектер есептеледі; содан кейін стекте функцияның формалды параметрлері 

үшін солардың типіне сəйкес жады бөлінеді де, олардың əрқайсысына өздеріне 

сəйкес аргументтің мəні меншіктеледі. Мұнда типтердің бір-біріне сəйкестігі 

тексеріледі, егер қажеттілік туса, оларды түрлендіру орындалады. Типтердің 

сəйкессіздігі байқалса, диагностикалық хабарлама беріледі.

Функцияға параметрлер берудің екі тəсілі бар, олар: мəні арқылы жəне 

адресі арқылы.

Параметрлерлерді  мəн арқылы беру кезінде стекке аргументтер 

мəндерінің көшірмелері енгізіледі де, функциялардың операторлары осы 

көшірмелермен жұмыс істейді. Функция оған берілген параметрлердің 

бастапқы мəндеріне қол жеткізе алмайды, сондықтан оларды өзгерту 

мүмкіндігі де жоқ.



  Параметрлерлерді  адрес арқылы беру кезінде стекке аргументтер 

адрестерінің көшірмелері енгізіледі, ал функция осы адрестер бойынша жады 

ұяшықтарындағы аргументтерді пайдаланады да, олардың бастапқы мəндерін 

өзгерте алады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет