92
Программаның орындалатын файлының аты
main.exe
болсын, сонда ол
командалық жолдан төмендегідей түрде шақырылады:
d:\cpp\main.exe one two three
Экранға келесі нəтиже шығарылады:
D:\CPP\MAIN.EXE
one
two
three
Стандартты кітапхана функциялары
С++ тіліндегі кез келген программада стандартты кітапхананы пайдалану
мүмкіндігі бар, кітапханада типтердің, тұрақтылардың, макростардың, функ-
циялар мен кластардың анықтамалары орналасады. Оларды программада
қолдану үшін
#include
директивасының көмегімен программаның бастапқы
мəтініне сəйкес жарияланымдар орналасқан тақырыптық файлдарды қосу ке-
рек. Кітапханалық функциялардың өздері компиляцияланған түрде сақталады
жəне олар программаға жинақтау кезеңінде қосылады. С++ тіліндегі про-
граммаларда С кітапханасынан мұраланған функцияларды қолдануға болады.
Стандартты кітапхана кластарының қолданылуы кітаптың үшінші бөлімінде
қарастырылады.
Кітапхана функцияларын атқаратын қызметіне байланысты топтарға
бөлуге болады, олар: енгізу/шығару, сөз тіркестерін өңдеу, математикалық
функциялар, динамикалық жадымен жұмыс істеу, іздеу жəне сұрыптау, т.с.с.
Кітапхана функцияларының тізімі 6-қосымшада келтірілген. Төменде С тілі
стиліндегі енгізу/шығару функцияларына, тіркестермен жəне символдармен
жұмыс істеу функцияларына жəне математикалық функцияларға қысқаша
шолу жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: