sizeof өрнек
жəне
sizeof ( тип )
Мысал (С++ тілі стилінде):
#include
int main(){
fl oat x = 1;
cout << "sizeof (fl oat):" << sizeof (fl oat);
cout << "\nsizeof x:" << sizeof x;
cout << "\nsizeof (x + 1.0):" << sizeof (x + 1.0);
return 0;
}
Программа жұмысының нəтижесі:
sizeof (fl oat): 4
sizeof x: 4
sizeof (x + l.0): 8
Соңғы өрнек нəтижесінің 8 байт болып тұрғаны – алдын ала келісім бо-
йынша нақты тұрақтылар ені ұзынырақ
double
типіне келтіріледі, сондықтан
x
айнымалысы мен өрнектің толық мəнінің типі осы
double
типіне сəйкес
келеді. Жақшалар оның ішіндегі өрнектің мəні басымдығы қосу амалы-
нан жоғары болып табылатын типтерді түрлендіру операциясынан бұрын
есептелуі үшін қажет.
Терістеу операциялары (- , ! жəне ~). Арифметикалық терістеу (унарлық
минус -) бүтін немесе нақты типтегі операнд таңбасын қарама-қарсыға ауыс-
тырады. Логикалық терістеу (!) операнд мəні ақиқат (нөл емес) болса, нəтиже
ретінде 0 мəнін, ал операнд 0-ге тең болса, l мəнін қайтарады. Операнд бүтін
немесе нақты типте немесе нұсқауыш типінде болуы да мүмкін. Разрядтар
бойынша терістеу (~) көбінесе биттік терістеу деп аталады, ол бүтін типті
операндтың екілік кодындағы əрбір разрядты инверсиялайды, яғни кері код-
пен (1 → 0, ал 0 → 1) жазып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |