6-нұсқа
ТІРКЕС базалық класын сипаттау керек.
Кластың міндетті өрістері:
□
char
типіне нұсқауыш – тіркес символдарын орналастыру үшін
динамикалық түрде бөлінген жадының адресін сақтайды.
□
int
типті мəн – тіркестің ұзындығын байт есебімен сақтайды.
Міндетті əдістер келесі əрекеттерді орындау керек:
□ параметрлерсіз конструктор;
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен
аяқталады);
□ параметр ретінде символды қабылдайтын конструктор;
□ көшірме конструкторы;
□ тіркес ұзындығын анықтау;
□ тіркесті тазарту (тіркесті бос ету);
□ деструктор.
ТІРКЕС класынан туынды БИТТІК_ТІРКЕС класын сипаттаңыз.
Бұл кластың тіркестерінде тек '0' немесе '1' символдары болуы мүмкін. Егер
инициалдаушы тіркес құрамында мүмкін болатын символдардан өзгешелері
кездесетін болса, БИТТІК_ТІРКЕС нөлдік мəн қабылдайды. Бұл тіркестердің
құрамы екілік сан ретінде қарастырылады.
Теріс сандар қосымша кодта сақталады.
Міндетті түрде болатын əдістері:
□ параметрлері жоқ конструктор;
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен
аяқталады);
□ көшірме конструкторы;
□ деструктор;
□ таңбаны қарама-қарсысына ауыстыру (санды қосымша кодқа түрлендіру).
Келесі операцияларды қайта анықтау қажет (нəтижелік тіркес ұзындығы
екі тіркес ішіндегі ұзын тіркестің ұзындығына тең; қажет болған жағдайда
қысқалау биттік тіркес солға қарай таңбалық разряд арқылы кеңейтіледі):
□ меншіктеу (=);
□ қосу (+) – тіркестердің арифметикалық қосындысы;
□ (==) операциясы – теңдікке тексеру.
Программа құрушы қосымша өрістер мен əдістердің кез келген санын
(қажеттілігін негіздей отырып) енгізуге құқылы болады.
Келесі əрекеттерді орындайтын тестілік программа жазыңыз:
□ динамикалық түрде базалық класқа нұқауыштар жиымын бөледі (4-6);
□ сұхбат режимінде осы жиымды туынды кластарға нұсқауыштармен тол-
тырады, бұл кезде туынды кластардың даналары (экземплярлары) бастапқы
мəндерін беру арқылы динамикалық түрде құрылады;
□ құрылған туынды кластардың даналары үшін қалыптастырылған бар-
276
лық əдістерді тексере отырып, бастапқы мəліметтер мен нəтижелерді дисплей-
ге шығарады.
Əрбір кластың көшірме конструкторлары үшін дисплейдің белгілі бір
жеріне оның шақырылу санын диагностикалық түрде басып шығаруды
қарастырыңыз (кластың статикалық мүшелерін қолданған жөн).
Сұхбат режимі иерархиялық меню көмегімен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |