Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
1.MatLab ортаның бұйрық терезесінен File-New-Model меню немесе құралдар панелінен сәйкес батырманы басып Simulink пакетін жұмысқа қосыңыз.
2.Пайда болған терезеде жаңа модел орынын – untitled терезесін жасаңыз. Қарастырылып отырған процесс моделінің блок-сұлбасын құрастыруын бастаңыз.
Ескерту - блок-сұлбалардағы блоктарға маңызды аттарды меншіктеңіз (процес пен теңдеулердегі айнымалылар аттарын). Сонда диаграмманы жеңіл түсінесіз және өзгерулерді жасағанда жаңылмайсыз.
File-New-Model көмегімен Simulink пакетімен жұмыс жасау басталды.1-суретте көрсетілгендей untitled атты терезе ашылды.
1 сурет - Simulink пакетінің терезесі
3.Φ0 кіріс ағынын құрастырыңыз (нұсқа бойынша – 1 кесте):
диаграмма терезесіне Mux (айнымалыларды бір векторға біріктіру үшін), Fcn (кіріс ағынның өрнегін құрастыру үшін), Constant (өрнектердің коэффициенттер мәндерін орнату үшін) блоктарын орнатыңыз. Кірудегі ағын уақыттан ашық түрде тәуелді функция болғандықтан, Clock блогын орнату керек;
Mux блогының кірістер санын орнатыңыз (блок суретіне екі рет басқанда, блокты баптау терезесі ашылады), блокты Fcn блогымен байланыстырыңыз;
Fcn блогының қалпына келтіру терезесін ашыңыз, кіріс вектор ретінде Mux болгының шығыс векторын қолданып, кіріс ағынның өрнегін орнатыңыз; Fcn блоктың шығысын әзірше бос қалдырыңыз.
2 сурет – Ф0 кіріс ағыны Simulink пакетінде
4.Моделдің бірінші теңдеуінің блок-сұлбасын жинаңыз:
диаграмма терезесіне Mux (айнымалылардың барлығын бір векторға біріктіру үшін), Fcn (теңдеудің оң жақтағы өрнегін құрастыру үшін),, Integrator (теңдеудің оң жағын интегралдау үшін) және Scope (интегралдау нәтижесін қарап шығу үшін) блоктарын орнатыңыз;
жасалған блоктарды аталған ретімен байланыстырыңыз;
Mux блогының кіріс сандарын орнатыңыз; Muxблоктың бір кірісіне алдында 3 тарауда жасалған Fcn блогының сигналын беріңіз;
кіріс айнымалылар ретінде кіріс ағынның Φ0 функциясы мен моделдеу нәтижесінде алынған M(t) мәндерін қолданып, Fcn блогын қалпына келтіріңіз;
Fcn блоктың шығысын Integrator блогының кірісіне беріңіз;
Integrator блогының шығысын Scope терезесіне шығарыңыз және кері байланыс арқылы Mux болгының беріңіз.
3 сурет – Бірінші модель блок- сұлбасы
4 сурет – Fcn блогы
5. Алдынғы 3 тарамағындай екінші теңдеу үшін диаграманы жинаңыз; мұнда кіріс айнымалылар ретінде бірінші теңдеудің диаграммасында алынған M(t) мәндері және моделдеу нәтижесінде пайда болатын m(t) мәндері қолданылады; мұндада Fcn блоктың шығысы Integrator блогына беріледі, ал соңғы блоктың шығысы ізделінетін m(t) шамасы болып табылады.
6.Екінші теңдеудің диаграммасының m(t)шығысын Gain блогымен байланыстырып, зерттелетін P = m(t) өнімділігін алыңыз, Р шамасын Scope терезесіне шығарыңыз.
5 сурет – Fcn блогы
6 сурет - Модельдің екінші теңдеуі
7. Диаграмма файлын сақтаңыз
7 сурет – Екі модельдің біріктірілген сұлбасы
8. Кірістегі ағынның параметрлеріне тәуелді болатын диірменнің өнімділігін зерттеу үшін модел диаграммасын қолданып имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз. Тәжірибелер барысында кіріс ағынның коэффициенттер мәндерін өзгертіп отырып (Constant блоктарында), диаграмманы орындалуға қосып, шығыс айнымалының графиктерін бақылап отыру қажет. Коэффициенттер мәндерін еркін таңдамай, аргументтер мәндерінің мүмкін болатын, мүмкін емес, арнайы, т.с. аймақтарын анықтап, осы аймақтардағы шығыс айнымалының жүріс-тұрысын зерттеңіз.
8 сурет – Бірінші модельдің Scope терезесіндегі диаграммасы
9 сурет – Екінші модельдің Scope терезесіндегі диаграммасы
10 сурет – Үшінші Scope терезесі
9. Өнімі жоғары режимдерді табыңыз. Таңдауыңызды негіздеңіз.
11 сурет – Өнімді жоғары режимде
12 сурет – Өнім жоғары болғандағы диаграмма
13 сурет – Біріктірілген график
14 сурет – Бірінші модельдің Scope терезесіндегі диаграммасы
15 сурет – Екінші модельдің Scope терезесіндегі диаграммасы
16 сурет – Үшінші Scope терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |