Программасының Simulink пакетінде объекттерді моделдеу мен анализдеу әдістерін дағдылану


Simulink пакетінде объект моделінің блок-сұлбасын құру



бет2/4
Дата05.04.2023
өлшемі410,6 Kb.
#79695
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Сагингалиев Аи 1лаба

Simulink пакетінде объект моделінің блок-сұлбасын құру
Simuink пакеті сызықты және сызықты емес динамикалық жүйелер мен құрылғылардың функционалды блок-сұлбаларымен көрсетілетін математикалық моделдерін жасауға негізделген.
Моделденетін құрылғылардың функционалды блок-сұлбаларын құрастыру үшін MatLab жүйесінің Simulink пакетінде блоктық компонентерінің кеңейтілген библиотекасы және блок-сұлбаларды өңдеуге негізделген ыңғайлы редакторы бар. Стандартты элементарлы түйіндердің қосылуының сұлбаларын графикалық түрде жинап, зерттелетін жүйелердің сипаттамалары диалогты режімде енгізіледі.Нәтижесінде зерттелетін жүйенің моделі құрастырылады, ол S-модель деп аталады. Моделдер .mdl кеңейтілуі бар файлдарда сақталады.
Simulink моделдеудің ең қиын қадамын автоматтандырады: берілген функционалды сұлбаны (моделді) бейнелейтін күрделі алгебралық және дифференциалдық жүйелерін құрастырады және шешеді, сонымен бірге пайдаланушы құрастырған виртуалды құрылғының жүріс-тұрысын ыңғайлы және көрнекі визуалды бақылауын қамтиды.
S-моделді жасау үшін Simulink библиотекасының блоктары қолданылады. Simulink блоктар библиотекасы визуалды объекттер жиыны болып табылады, оларды қолданып қажетті құрылымды жасауға болады. Әр блок үшін блоктар көшірмелерінің керекті санын алуға және әр көшірмені бөлек қолдануға болады. Барлық блоктар үшін оларды жеке қалпына келтіру мүмкіндігі бар: пайдаланушы блоктардың ішкі параметрлерін (мысалы, кіріс санын) және сыртқы түрін (өлшемін, бояуын, атын, т.б) өзгертуіне болады. Блоктардың бір бірімен байланысуынада еш қандай шектеулер қойылмайды. Әрине, блоктарды бір бірімен байланыстырғанда кейбір ережелер орындалуы керек, бірақ олар Simulink талаптарынан емес, моделдің өзінің жұмыс логикасына тәуелді.
Библиотека құрамына пайдаланушының блоктарын қосуға болады.
Қарастырылып отырған процестің моделі M(t)ірі массасы мен m(t) ұсақ массасын анықтауға негізделген дифференциалдық теңдеулер жүйесі болып табылады.
Моделдің (1.1) теңдеулерін блок-сұлбаларға түрлендіру үшін келесі идея қолданылады. Біріншіден M және m айнымалыларыбелгілі деп есептеп, теңдеулердің оң жақтағы өрнектерін құрастырамыз. Ол үшін Fcn блогы қолданылады (әр теңдеу үшін блоктың бөлек данасы), блоктың қалпына келтіру терезелерінде теңдеулердің оң жақтағы өрнектері бағдарламалау тілдер ережелеріне сәйкес құрастырылады. Бұл блоктың тек қана жалғыз кіріс порты бар. Егер де блок кірісіне бірнеше сигналды беру керек болса, оларды Mux блогының көмегімен бір векторға бірліктіру керек. Fcn блогының кірістегі сигналы (скаляр немесе вектор) u әрібімен белгіленеді, бұл сигнал вектор болса, оның компонеттері u(1), u(2),..., деп белгіленеді, вектор компонеттері кіріске берілген ретімен нөмірленеді. Теңдеулердің оң жақтағы орнектерін құрастыру нәтижесінде dM/dt және dm/dt өрнектердің шамаларын аламыз.
Осы өрнектерді арнайы Integrator блогы көмегімен интегралдап, ізделінген M(t)және m(t) мәндерін аламыз. Алынған шамаларды енді теңдеулердің оң жағын құрастыруға қолданамыз (кері байланыс арқылы). Сонымен бірге оларды Scope қарап шығу терезесіне беруге болады.

1.кесте




Ф0

Параметрлердің өзгеру диапазондары

12



a  1 : 0.5 : 2, b 0.1 : 0.05 : 0.2





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет