Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»



бет4/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен демо­кратияға билікті бөлу арқылы қол жеткізілетіні белгілі, ол бүгінде барлық демо­кратиялық мемлекеттердің негізгі конститу­циялық қағидасы болып табылады.
Билікті тармақтарға бөлуді конституциялық тұрғыдан орнықтыру – мемлекет пен қоғамның тарихи ұзақ дамуының нәтижесі.
Мемлекеттік билік функцияларын дербес және тәуелсіз мемлекеттік органдар арасында бөлу бүгінде құқықтық мемлекет пен демократиялық және саяси құрылыс құрудың міндетті шарты болып табылады.
Қазіргі кезде билікті бөлу Қазақстанның конс­титуциялық құрылысының негізгі қағидаларының бірі болып отыр.
Осыған байланысты, мемлекеттік билікті оңтайлы ұйымдастыру қажет. Мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз үш тармаққа бөлу, олардың толық бір-бірінен алшақтау деген мағына емес. Барлық мемлекеттік билік тармақтары бір-бірімен тығыз байланыста және әріптестікте болу қажет, өйткені осы жағдайда ғана тиімді мемлекеттік-биліктік қызметке қол жеткізуге болады және қоғам мен мемлекетте шынайы конституциялық тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның біртұтас халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатыны біз үшін ақиқатқа айналды, демек оның мүддесіне қызмет ету үшін өкімет өзінің табиғаты мен мақсаткерлігі тұрғысында әрі қуатты, әрі үйлесімді болуға тиіс. Бұл әлемдік үрдістерге сай келеді.
Жұмыста мемлекеттік билік және билікті бөлу қағидаты туралы шетел ғалымдарының теориялары, зерттеулері мен еңбектері пайдаланылды, оның ішінде Анохин П.В., Анишина В.И., Алексеев С.С., Атаманчук Г.В., Козбаненко В.А., Кравец И., Богданова Н.А., Бондар Н.С., Витченко А.М., Спиридонов Л.И., Савицкий В.М., Шевчук С., Штайнбергер Х., Чиркин В.Е., Симаков К.А., Лукашева Е.А., Elazar D. J., Savage, D., Рахманина Т.Н., Окуньков Л.А.
Қазақстандық ғалымдардың арасынан мемлекеттік билік пен басқару қызметін зерттеуге арналған бірнеше ғылыми еңбектер бар. Мемлекеттік билік пен басқарудың мәселелері Б.Ж. Әбдірайымовтың, М.С.Әшімбаевтың, М.Т.Баймахановтың, М.С.Бейбітовтің, Ж. Бәйішевтің Ш.А. Есімованың, С.С.Еспаевтың, С.З.Зимановтың, А. Караевтың, Ю.А.Кимнің, К.Е. Кубаевтың А.К.Котовтың, М.Т.Кемаловтың, Ө.Қ.Қопабаевтың, Б.А.Майлыбаевтың, М.А.Матюхиннің, Қ.Ә.Мәмидің, Ғ.С.Сапарғалиевтың, К.С.Сұлтановтың, О.Сәбденнің, И.И.Роговтың, З.Л.Федотованың, Е.Ж.Бабакумаровтың, Н.Н.Галихиннің және Б.Б.Темирболаттың, Н.Н. Турецкийдің мақалалары мен еңбектерінде көрініс тапты. Конституцияны құқықтық қорғау мәселесін зерттеп жүрген ғалымдарды атап өтуге болады. Осы тұрғыда, М.С.Бейбітовтің (2005 жылы қорғалған) «Институт конституционного контроля в Республике Казахстан (вопросы теории и практики)» атты докторлық диссертациясы 3 тарауының 3.2.5 бөлімі ерекше бір қызығушылықты тудырады. Дегенмен, мемлекеттік басқару ғылымы саласында билік тармақтарының өзара әрекеттестігі және оның мемлекеттік басқарудағы рөлі тұтастай алынып кешенді түрде әлі күнге дейін зерттелмеген. Оның үстіне мемлекеттік басқару проблемаларын қарастырған бұрынғы еңбектерде ол жалпылама мәселе ретінде ғана қаралған.
Түйіндеп келгенде, жалпы осы диссертациялық жұмыс мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу аспектісінде зерттелуінің деңгейін, сондай-ақ, соттың заң шығарушы мен атқарушы билік тармақтарын құқықпен шектеудегі құқықтық негіздерін зерттеуді және адамның құқықтары мен бостандықтарын конституциялық емес нормативтік құқықтық актілерден қорғауды мақсат еткендігін ескерсек, өзінің зерттеу обьектісінің сипаты жағынан да, мемлекеттік басқару ғылымы саласындағы алғашқы кешенді еңбек екендігімен де жаңа бағыттағы зерттеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет