Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»



бет6/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Зерттеудің объектісі болып заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері танылады.
Зерттеудің пәні болып заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өзара әрекеттестігі танылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін мемлекеттік билік пен басқару, мемлекеттік менеджмент, билік тармақтарының өзара ықпалдастығы, конституциялық бақылау және қадағалау, Конституцияны сот арқылы қорғау мәселелерін түрлі ғылым салалары тұрғысынан талдаған қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдар құрайды.
Зерттеу барысында мақсатқа жету үшін жалпы логикалық әдістер және танымдық әдістер (талдау, жүйелеу әдісі және т.б.), сонымен қатар құқықтану ғылымындағы жалпы ғылыми зерттеу әдістері, оның ішінде конституциялық құқықтық зерттеу әдістері: тарихи әдіс, салыстырмалы құқықтық әдіс, т.б. қолданылды.
Зерттеудің эмперикалық негіздерін анықтамалық материалдар, статистикалық мәліметтер, ақпарат құралдарындағы хабарламалар, Парламенттің, Үкіметтің және сот тәжірибесіндегі материалдар құрайды.
Диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдары, Үкіметтің қабылдаған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы Жолдаулары, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Конституциялық Кеңестің регламенті және өзге де бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары мен өзге де баяндамалары қолданылды. Шет мемлекеттермен салыстырмалы түрде талдау жүргізу барысында шетел заңдары адам құқықтары аспектідегі мәселелерге халықаралық құқықтық талдау жасауда БҰҰ-ның, ТМД-ның актілері және өзге де халықаралық құқықтық актілер пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу жұмысында мемлекеттік билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктері мемлекеттік басқару жүйесінде алғаш рет кешенді түрде зерттелген.
Диссертациялық жұмыста алғаш рет билік тармақтарының өзара әректтестігі мемлекеттік басқару ғылымы тұрғысынан қарастырылды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өзара әрекеттестік тетіктерінің мемлекеттің экономикасына, әлеуметтік жағдайына әсері қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет