Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»


Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік биліктің біртұтастығы: даму бағыты мен болашағы



бет26/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Диссертация от 18.04.2013г.

3.3 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік биліктің біртұтастығы: даму бағыты мен болашағы
Билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін зерттей келе, келесідей тұжырымдар, ұсыныстар мен ескертпелер жасауға болады:
1. Сот билігіне заң шығару бастамасы құқығын беру қажет. Бұл біраз жылдан бері заңгер-ғалымдармен және саясаткерлермен көтеріліп келе жатқан мәселе. Мәселен, заң ғылымдарының докторы, профессор Б.Ж.Әбдірайымовтың пікірінше, «біздің мемлекетімізде сот билігіне заң шығару бастамасы құқығы берілмегендіктен, сот билігінің заң шығарудағы әлеуетін қолдану проблема тудырады. Заңдардың қателіктерін түзету сот билігінің құзыретіне кірмейді. Сондықтан тағы да проблема туындайды. Осының негізінде сот билігі мен заң шығарушының арасында өзара әрекеттестік механизмі жоқ. Оны жою мақсатында Жоғарғы Соттың жанынан Парламентпен бірлесе отырып құрамына Парламент депутаттары, Жоғарғы Соттың, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің өкілдері кіретін консультативтік-кеңесу органын құру қажет» [125]. Әрине, ғалыммен келісуге болады. Тамаша идея. Бірақ біздің пікірімізше, Жоғарғы Соттың қарамағынан тағы да консультативтік орган құру көптік ететін секілді. Себебі, жалпы сот билігінің әлеуеті онсыз да жетерлік. Республикада судьялардың басын біріктіретін «Судьялар одағы» ұйымы бар, сонымен қатар Жоғарғы Сот судьяларға сот практикасын түсіндіру мақсатында Пленарлық отырыста нормативтік қаулы қабылдайды. Біздің ойымызша, белгілі бір заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі алдымен облыстық (қалалық) соттардың жалпы отырыстары мен «Судьялар одағы» ұйымында талқыланғаннан кейін, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына шығарылуы керек. Онда егер нормативтік қаулымен шектелетін жағдайда нормативтік қаулы қабылдап, ал тиісті заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар немесе қоғамдық қатынастарды реттейтін өзге де заңдарды қабылдау қажет болғанда заң жобасын әзірлеп, Мәжіліске енгізу тәжірибесін енгізу қажет.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 59-бабы 6-тармағына сай Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстарына және регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстарына Жоғарғы Сот төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар деп толықтыру енгізу керек. Бұл мемлекеттік билік тармақтарындағы балансты қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің атауын және жалпы затын өзгерту мәселесі. Конституциялық Кеңес өзінің табиғатына сай Конституциялық соттың қызметін атқаруда. Екіншіден, Конституциялық Кеңес өзінің өкілеттігін халықтан алмаса да, мемлекеттік биліктен және оның тармақтарынан жоғары тұрады, билік балансын қамтамасыз етеді және олардың арасындағы дауға нүктені қояды. Біздің пікірімізше, Конституциялық Кеңестің мүшелері ұзақ мерзімге тек халықпен тікелей сайлау құқығы негізінде сайланып отыруы қажет. Бұл оның шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етіп отырады. Өкілеттік мерзімін әлем елдерінде көптеп қолданып келе жатқан 9 жыл деп алуға болады. Сонымен қатар, егер де Конституциялық сот болатын болса, онда билік тармақтары арасындағы баланстың теңесері айдан анық, себебі ол кезде билік тармақтарының арасындағы өзара әрекеттестік механизмдері жанама түрде емес, тікелей жүзеге асырылған болар еді.
4. Егер атқарушы биліктің норма шығармашылық қызметіне тоқталатын болсақ, онда да солқылдақтар аз емес, онда да конституциялық емес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жетіп артылады. Дәлелдеме ретінде жоғарыда көрсетілген статистиканы көруге болады. Мұндай көрсеткіш қайдан пайда болды? Себебі неде? Жою жолдары қандай? – дейтін сұрақтарға жауап беретін болсақ, онда атқарушы органдардың шығарған актілеріне көп жағдайда қадағалау бола бермейді, сонымен қатар мұндай актілердің шамадан тыс көптігі және сілтемелі нормалардың асып жығылатындықтары да әсер етеді. Егер, оларды жою жолдарына келетін болсақ, онда Үкіметтің және белгілі бір ведомствалардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне Парламенттік қадағалауды күшейту керек. Заң шығарушы орган өздерінің қабылдаған заңдарының негізінде қабылданып жатқан заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қандай мақсатқа бағытталғанына, оның заңға сәйкестігіне және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қайшы келмейтіндігіне көз жеткізуі керек. Мұндай қадағалауды Өкілді органның тиісті профильдік Комитеттері мен Палата Аппараттарының тиісті Комитетпен өзара байланыс жасау жөніндегі бөлімдері жүзеге асыра алады. Үкіметтің шығарған актілерін бақылау мен қадағалау үшін, сонымен қатар Парламент депутаттарының заң жобасын әзірлеуге бастамашылдықтарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Парламенттің кез-келген сатыда заң жобасына қатысты өзіндік сараптама жүргізу үшін Парламент жанынан Сараптама және салыстырмалы анализ институтын құру қажет. Мұндай институт бізге қандай нәтиже береді?
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет