біріншіден, бұл институт Парламент қабырғасында заң жобасын талқылаудың кез келген сатысында депутаттардың ұсыныстары бойынша заң жобасына бойынша сараптама жүргізер еді;
үшіншіден, ТМД мемлекеттерінің заңнамалық актілеріне салыстырмалы анализ жүргізіп, модельді заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерде шығаруға ат салысып, ұқсас нормативтік құқықтық актілерді бір жүйеге келтірер еді;
төртіншіден, Батыстың және басқа да дамыған Еуропа мемлекеттердің заңнама жүйелерінен біздің мемлекетімізге тиімді, халқымыздың менталитетіне сай заңдарға сараптама жүргізіп, қоғамның игілігі үшін заң жобасын шығаруға себепкер болар еді;
бесіншіден, Парламенттің профильдік Комитеттерімен бірге және Палата Аппараттарының тиісті Комитеттерімен өзара байланыс жасау жөніндегі бөлімдерімен бірге атқарушы органның қабылдаған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қадағалауды жүргізер еді. Сондай-ақ, Үкіметтің қабылдаған құқықтық актілерінің Заң шығарушы органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестікке байланысты сараптама жүргізер еді.
5. Сот өтінішпен жүгінетін субъект ретінде өзінің өндірісіндегі нақты істі қарастырып, шешу барысында іске қатысушы тараптармен қандай да бір болмасын байланыста болмайды. Нақты істі қарастырудағы тараптардың бірінің бастамасымен және оның нақты істе қолдануға тиіс заңды немесе нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану жөніндегі өтінішінің негізінде, сот оны қанағаттандырып, тиісті тараптың өтінішін басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңеске өтінішпен жүгіне алмайды. Себебі, соттағы нақты істі шешу барысындағы тараптардың мүддесі – ол жеке-құқықтық мүдде болып табылады. Ал сот мемлекеттің атынан әрекет ете отырып жария-құқықтық мүддені, Конституцияның жоғары тұруын, адамның және азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын конституциялық емес заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерденқорғауды, конституциялық емес заңдар мен нормативтік құқықтық актілерКонституция талаптарымен сәйкес келтіруді мақсат етіп қояды. Бұл норма сот корпусының тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деп санаймыз.
Біріншіден, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсанындағы Конституциялық заңы 1-бабының 3 тармағына сәйкес «Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады» деп көрсетілген. Сондай-ақ мұнда «сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді», - делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заңының 22-бабының 3 тармағы Конституцияның 77-бабына да қайшы келеді. Демек, төрағаның қол қоюынан бір судьяның басқа бір судья ісіне араласып жатқанын байқауға болады. Бұл жағдайда судьялар өздерінің істері бойынша сол соттың төрағасына есеп беретінін тағы көреміз. Егер де сот төрағасы ешбір себепсіз қол қоюдан бас тартса, өтініш қозғалыссыз қалып, Конституциялық Кеңеске жіберілмейтінін тағы да байқауға болады.
Екіншіден, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 23-бабының 1 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіліктерімен ерекшеленеді». Алайда дәл осы Конституциялық заңда қарастырылған аудандық сот төрағасының өкілеттігін қарастыратын 9-бапта, облыстық сот төрағасының өкілеттігін қарастыратын 14-бапта, сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының өкілеттігін қарастыратын 20-бапта Конституциялық Кеңеске берілетін өтінішке тиісті соттың қол қоюы сияқты өкілеттіліктер, өкінішке орай, қарастырылмаған.