1.Авторы: (аты-жөні, қай жылы, қай жерде дүниеге келген)
Мұхтар Әуезов-қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған.1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды.
2.Шығарманың атауы:
Қараш-Қараш оқиғасы
3.Шығарманың жазылу, шығу тарихы. Прототип.
«Қараш-Қараш оқиғасы» повесі-1927 жылы жазылды.Бұл повесть нақты тарихи шындыққа құрылып,қыр қазағы Рысқұл Жылқыайдаровтың басынан кеткендерін шығармаға арқау еткен. Рысқұл Жылқыайдаровтың сот ісі туралы мұрағат деректерін іздестіріп, алдырғанынан хабардар болған Әуезов мұрағат құжаттарымен танысады. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне тақырып тауып, дерек жинауды ,көңіліне тоқып, көкейге түюі-1922 жылдан басталған.Жазушы Рысқұл-Бақтығұлдың бас еркіндігі жолындағы қайсар ерлігіне тәнтілік танытып, әкелі-балалының тағдырын арқау етіп, «Қараш-Қараш оқиғасы» туралы повесть жазады. «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша 1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілді.
4.Тақырыбы (Шығарманың негізгі көтеретін мәселесі қандай? Әлеуметтік мәселе, махаббат, еңбек, отбасы, білім-өнер, адамгершілік, достық т.б.)
Шығарманың тақырыбы-ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.Жазушы басты кейіпкер арқылы дәуірдің қиын да қым-қиғаш қарама-қайшылығы бостандық аңсаған халық арманы мен жаңаша көзқарасы идеялық-көркемдік тұрғыда танытады.Сол уақыттағы кедей адамдарының бастарынан кешкен тауқыметті,байлардың оларға көрсеткен озбырлықтары көп өріс алған.Шығарманың негізгі көтерілген мәселесі-бай мен кедей арасындағы талас-тартыс,байлардың бір-біріне өштесуі.