Кейіпкер мінездемесін суреттеу:Бақтығұл-кесек,балуан денелі,иықты,кеуделі келген. Тектіғұл-бойы биік,кеудесі таластай дейтін,қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат.
25.Баяндау:
Авторлық баяндау
Кейіпкерлік баяндау
Сатылы баяндау
Шегіністі баяндау
Жанама баяндау
Авторлық баяндау
26.Ішкі монолог .
"Кескен теректей құлатты ғой мені.Қу жоқшылық бір құлатты.Аямас дұспан соққы жазасы әпкетті,міне-бар дәрменімді...Нем қалды?..Тектіғұл ініңнің орнына кімің қалды сенің?!"деп,әлсіз жүзін Бақтығұлға зорға дегенде бұрды.
27.Диалог.
Сәлмен шапшаң сөйлеп,ызалана түсті. -Ұры демесем,ұрыдан құры да емессің! Бақтығұл алғашқы бетінен қайтқан жоқ. -Ендеше,тауып ал сол ұрыңды да,құрыңды да. -Мен тауып отырмын!Ол-сенсің. -Кім айтты деп солай дейсің? -Айтушы бар деп солай деймін. -Алып кел айтушыңды,мойныма салсын! -Атты алысқа айдамақсың ғой.Мені сорғалаған қан,сойқақтаған із әкеліп отыр.Сен алдың малымды.Кешегі қолымда өскен Бақтығұл ең. -Бәсе,қолыңда өссем,мынауың қай сұмдығың?Жалаң не? -Сен маған қастық етіп отырсың.Мен не қылған адам едім саған?
28. Көркем шығарманың стилі, тілі:
29.Көркемдегіш құралдар:
Эпитет: бойы биік,қол-сирағы ұзын,балуан денелі,қу жоқшылық,қаскөй дұспан,кәрі бие,алпамсадай мол денелі,кедей көрші,жүйрік ат,қырғын-жойқын төбелес,қара суық дауыл,жылы киім,қатал тағдыр,жыртық үй,жаман қора,ұлы тау,қара түн,ақ жауын,түпсіз терең зындан,есті жануар,көк тайғақ. Теңеу:Арыстандай,арқардай,
30. Оқырман ойы, пікірі:(оқушы студент пікірі жазбаша жазу керек!) Шығарманың құрылымы, стилі, көздеген аудиториясы, автор көзқарасы, автор ұстанымы. Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады? Шығарма несімен ұнады немесе ұнамады. Егер мен автор болсам шығарманы қалай аяқтар едім..
Бұл шығарма маған ұнады.Шығармадан ойға түйетін түйін өте көп деседе болады.Өмірдің қатал сынағына қарамай,барлық қиыншылыққа төтеп беріп,еш мойымады.Бұл шығарма өмірден алынған оқиғаға негізделіп жазылған.Автор бұл повестьі жазу барысында өз мақсатына жетті деп ойлаймын.Шығарма оқырмандардың көңілінен шықты.
Тест жұмысы
Тапсырмалар
Мектеп бағдарламасында қай сыныпта қай шығармасы берілген:
Қазақ әдебиеті оқулығы
Шығарма атауы, оқулық беттері (өлең, әңгіме, повесть, поэма, роман т.б.)