Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мысалы, мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақ көңілділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері.
Мінез туралы ілім өзінің ішкі бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30 – дан астам үстем тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30 – дан астам нашар жастарына талда жасаған (суайт, мылжың, жағымпаз т.б.) талдау жасаған.
XVII ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 – ден астамына сипаттама берген.
Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т.б.) адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады деді. Адамның жазу – сызуына қарап, оның мінез – құлқын айыру психологияда криминалистика ара – тұра қолданылады. Ал жан қуаттары қалпында тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттеу қажет.
И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Мальпер, Фулье т.б. мінездің туапайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мысалы, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылға өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі.
Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді.
Мақсатқа жетуде бағыт – бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолайлы қайталанбас әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |