Мінез құрылымы Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз.
Бірақ мінез — бір бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін жүйесі; және еріктік ерекшелектері білуге болады. Олар белплі бір жағдаида тұрақты көріністер беріп, мінездің бітістеріне айналады. Мінездің бітістері деп осы ортамен қарым қатынаста, іс-әрекетте көрінетін мінез-құлықтарын айтамыз. Адамның мінез-құлқы оның іс-әрекеттің итермелеуші күші болып отырады. Мысалы біреу жұмыс жасағанда абырой алғысы келеді, енді біреу қорқа соғады, тағы бірі атаққұмар келеді. Мінез-құлықтың қасиеттері өмірдің қиындығын жеңуде, осы бағыттағы күресте айқын көрініп отырады. Бұл қасиеттердің негізінде ерік қасиеттері болады. Мінез адамға туа бітпейді, бірақ ол оның табиғаты, мәселен нерв қызметінің ерекшеліктерімен байланысты келеді. Нерв процестерінің (козу мен тежеудің) тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі -осылардың бәрі мінез көріністеріне түрліше рең береді.
Сөйтіп мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы — табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды. Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Мінез бітісі адам қылығына ықпал ете отырып, сол қыдық - әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Бітістердің қалыптасуын әрекет – қылық мотивтерінен айыра қарауға болады. Мотивте алғашқы да ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады .
Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі.
Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.
Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді:
1. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы; ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық және т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнайы қабілет деп атаймыз.Мысалы, суретшінің, музыканттың, актердің қабілеттерін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |