Қабілеттіліктердің даралық-типологиялық ерекшеліктері.
Әртүрлі адамдардың өмірін бақылай отырып, олардың жұмыстағы жетістіктері мен ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктеріне қарай бір-бірінен ерекше айырмашылықтары бар екендігін аңғару қиын емес. Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні орасан зор.
Қабілеттіліктердің ерекшеліктері мектеп мұғаліміне айрықша қызығушылық туғызады. Мұғалім шәкірттерге жаңа материалды түсіндірсін немесе білімін тексерсін, ол әркез тек қана шәкірттердің даярлығы мен тәртіптілігін ойлап қоймайды, сонымен қатар олардың қабілеттіктеріне ерекше мән береді. Мектеп оқушыларының қабілеттілігі туралы олардың әртүрлі пәндерді жеңіл меңгеруі және жетістіктерінің сапасын білуге болады. Қабілеттіліктердің ерекшеліктері тұрақты қызығуларына әсер етеді. Осы ерекшеліктерін білмейінше оқытудың және жекелеген шәкірттердің дұрыс дамуының жалпы жетістігіне жету мүмкін емес.
Мектепте бір оқушы ойының ұшкырлығымен ерекшеленсе, екіншісі - техниканы жақсы біледі, үшіншілері - поэтикалық шығармаларды жақсы қабылдауымен, төртіншілері — тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.
Іс-әрекетте табысқа әртүрлі психологиялық тұрғыдан түрлі жолдармен жету мүмкін.
Музыкалық қабілеттіліктерге арналған арнаулы зерттеулерде музыка сабағымен жемісті айналысуға қажетті қабілеттіліктер анықталады.
Қабілеттіліктердің ерекшеліктерін айыру үшін бірінші және екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекет ерекшеліктерінің мәні орасан зор.
И.П.Павлов сигнал жүйелерінің өзара қатынасының ерекшеліктеріне байланысты жоғары жүйке кызметі 3 түрлі "арнаулы адамзат" типін ажыратты: бірінші сигнал жүйесінің басым болуын — көркем тип, екінші сигнал жүйесінің басымдығы аңғарылса - ойшыл тип, ең соңында орта тип -сигнал жүйелерінің тепе-тендігін атады.
Көркем тип көңіл-күйлерінің айқындылығымен, қабылдауы мен есінің бейнелілігімен, бай қиялымен сипатталады. Ойшыл тип талдауға және жүйелеуге, жалпылауға және абстракциялық ойлауға бейімділігімен ерекшеленеді. Орта типте екеуінің де қасиеттері кездеседі. Көптеген адамдар орта типке жатады.
Сигнал жүйелерінің арақатынасының типологиялық ерекшеліктері психикалық іс-әрекеттің әртүрінде, соның ішінде оқу үрдісінде аңғарылады. Бұл ерекшеліктер тарих және жағырафия сабақтарында анық байқалады. Мысалы, кейбір шәкірттер нақты деректерді жақсы қабылдайды, бірақ абстракциялық материалдарды өте қиындықпен меңгереді, теориялық мәселелерді түсіндіруге қиналады. Осындай жағдайда бір топтағы шәкірттер осыған карама-қарсы сапаларды байқатады. Олар әртүрлі жалпылаулар мен теориялық мәселелерді өте жемісті орындай алады. Осындай айырмашылықтар сигнал жүйелері арақатынасының типологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Көркем типке көңіл-күйдің, эмоциялардың тікелей ықпалымен пайда болатын бейнелердің айкындылығы тән. Ойшыл тип абстракциялардың, логикалық құрылымдардың, теориялық тұжырымдардың басымдылығы аңғарылады. Суретшілердің көбінің (бейнелеу өнерінің, мүсіншілердің, музыканттардың, актерлардың) көркем типке тән қасиеттерінің болуы кездейсоқ емес.
Ойшыл типтің сапалары абстракциялық материалдарды, ұғымдарды, математикалық есептеулерді суреттеумен байланысты іс-әрекеттің қолайлы дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Адамдарды көркем типке жатқызу интеллектуалдық іс-әрекеттің әлсіздігі, ойдың кемшілігі деп түсінбеуіміз керек. Бұл жерде психиканың бейнелі бөліктерінің ойшыл бөліктерімен салыстырмалы түрде басым екендігін аңғартады. Жалпы алғанда, екінші сигнал жүйесі бірінші сигнал жүйесінен басым келеді. Демек, адамдардың енбек әрекетінде сөйлеу мен ойлау шешуші маңыз алады.
3. Қабілеттілік және нышан.
"Қабілеттілік" ұғымын тәжірибеде қодданғанда 3 белгісін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз — бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.
Екінішіден, қабілеттілік деп кез-келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекетті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз.
Қабілеттіліктің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіліктердің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялық факторлардың белгілі дәржеде ролін мойындайды, жоққа шығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.
Туа біткен тек анатомиялық — физиологиялық ерекшелік, демек, нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақыттта да дамудың нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |