Психикалық қасиеттер


Темперамент, мінез, қабілет туралы жалпы түсінік



бет2/6
Дата18.05.2023
өлшемі32,64 Kb.
#94234
1   2   3   4   5   6

Темперамент, мінез, қабілет туралы жалпы түсінік.


Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да(шапшаң, асықпай), психиканың күші мен тереңдігінен де (өжет, сылбыр, жігерсіз), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, тұрақсыз), эмоция сезімдерінен де (сабырлы, күйгелек) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған.
Ал Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді.Гален ағзада жылылық басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтқан.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті ағзадағы химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент ағзаның түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне, т.б. көрсеткіштерге байланысты деген пікірлер таратады.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс астрологы Н.Л.Зеланд ми қабықшаларындағы молекулярлық қозғалыстың жылдымдығы мен біркелкілігіне байланысты деген. Ал орыс педагогы П.Ф. Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет