Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықтың маңыздылығы



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі0,64 Mb.
#10250

Серия «Педагогика». № 3(83)/2016 

 

89 



ƏОЖ 372.317.58.1 

А.М. Рахметова, Г.С. Ашимханова, А.С. Кударинова 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  

(E-mail: banu_asyl@mail.ru) 

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу  

тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықтың маңыздылығы

 

Мақалада  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  дамытуда 



қолданатын электронды оқулығымызды қолдану арқылы психикалық дамуы тежелген оқушылардың 

тек  қана  сөйлеу  тілін  ғана  дамытуына  ықпалын  тигізіп  кана  коймай,  қайта  олардың  таным 

процестерінің,  қоршаған  ортадағы  адамдармен  қарым-қатынасының  дамуына,  сынып  оқушыларын 

татулыққа,  бірлікке,  бір  сөзбен  айтқанда,  адами  қасиеттерге  баулуға  өз  септігін  тигізеді,  сонымен 

қатар  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  дамытуда  оқыту 

процесін  үздіксіз  жəне  толық  деңгейін  бақылау,  ақпараттық  ізденіс  қабілетін  дамыту,  тəсілдерінің 

қажеттілігін жоғарлатады. 

Кілт  сөздер:  психикалық  дамуы  тежелген  оқушылар,  электрондық  оқулық,  білім  берудегі  АКТ, 

оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік 

оқыту технологиялары. 

 

Шапшаң  жүріп  жатқан  заманауи  үрдісі  елімізде  бəсекелестікті  күшейте  түсуде.  Елбасы 



«Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  қабілетті 50 елдің  қатарына  қосылу  стратегиясы»  атты 

Жолдауында: «Білім беру реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз 

етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», — деп атап көрсетті [1, 2]. 

Келер күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі таңда 

мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім — оқытушы маман, мұғалім — ұлағатты 

ұстаз, мұғалім — білім авторы, мұғалім — технолог, мұғалім — жаңалықты дəріптеуші, таратушы, 

үйретуші.  Қазіргі  заманымыздың  даму  болашағы  қоғамның  даму  үрдісімен  үнемі  өсіп  отыратын 

ақпарат  көлемінің  əр  түрлі  тегімен  анықталады.  Болашақ  жастарға  білім  беруде  жаңа  оқыту 

технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. 

Осыған  орай  қоғамымыздың  дамудың  жаңа  кезеңіне  бет  буруда,  бұл  кезең  ақпараттық  кезең, 

компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар 

педагогтар  қызметінің  барлық  салаларына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына  айналып  отыр.  Білім  беру 

саласындағы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  бірі — АКТ,  яғни  «оқытудың  жаңа  ақпараттық 

технологиялары», «қазіргі 

ақпараттық 

оқыту 


технологиялары», «компьютерлік 

оқыту 


технологиялары» жəне т.б. тіркестермен тығыз байланысты. 

Мемлекетіміздің білім беру жүйесін ақпараттандыру отанымыздың даму стратегиясының негізгі 

бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр — білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. 

Білім  беру  жүйесіндегі  инновациялық  үрдістердің  күрт  дамуы  кезеңінде  үлгерімділігі  жоғары 

балаларға  баса  назар  аударылып,  керісінше,  үлгерімі  төмен,  атап  айтар  болсақ,  психикалық  дамуы 

тежелген оқушылар педагогикалық қауымдастықтың назарынан тыс қалып отыр. 

Психикалық  дамуы  тежелуі  мəселесін  зерттеулерімен  біздің  заманымызға  дейінгі  көптеген 

ғалымдар  қатары  айналысты.  Олар  мектептегі  үлгермеу  мəселесін  бірқатар  себептермен 

байланыстырады: 

 психикалық дамуы тежелуіне байланысты баланың мектептегі оқуға дайын болмауы; 

 мектепке  дейінгі  жаста  (əсіресе 3 жасқа  дейін)  балалардың  ұзақ  уақыт  науқастанулары 

салдарынан соматикалық əлсіздік жағдайына ұшырау; 

 анализаторлардың кемшіліктері (есту, сөйлеу). 

Сонымен  бірге  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  мектептегі  жүйелі  оқуға 

дайындығының параметрлері тағайындалды: 

 психикалық дамуы тежелген балалардың айнала қоршаған орта туралы белгілі бір деңгейдегі 

білім қоры, алғашқы мағлұматтары қалыптасқан болуы қажет; 

 психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау операцияларын, машықтарын меңгеруі қажет; 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

А.М. Рахметова, Г.С. Ашимханова, А.С. Кударинова 

90 


Вестник Карагандинского университета 

 психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  сөйлеу  тілі  белгілі  бір  деңгейдегі  дамуы  шарт 

(фонетикалық мағлұматтары, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы); 

 психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық белсенділігі болу шарт; 

 психикалық дамуы тежелген балалар өз мінез-құлқы мен тəртібін реттей білуі қажет. 

Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларын 

зерттей келе, ғалымдар үлгерімі нашар оқушылардың 50 % жоғарыдағы 5 параметрдің барлығынан да 

кейіндеп  қалғандары  анықталған.  Берілген  мəлеметтерге  сүйене  отырып,  бұл  балалар  ПДТ  бар 

балалар  тобына  жатқызылған.  Мектептегі  білім  алу  процестерінде  үлгермеу  мəселесі  негізінен 

бастауыш  сыныптарда  анықталатын  болғандықтан,  коррекциялық-дамыту  жұмыстарының  дені  осы 

кезеңдерге жоспарланады [3]. 

Қоғам  сұранысынан  туындап  отырған  талаптарға  сəйкес  психикалық  дамуы  тежелген 

балалардың  ой-өрісін  дамытып,  алған  білімдерін  өз  тəжірибесінде  жаңа  жағдайларда  қолдана  алу 

біліктілігі  қалыптасқан,  ізденімпаз  шығармашылық  тұлға  қалыптастырудың  бірден  бір  жолы, 

жоғарыда айтылып өткендей, оқыту мен тəрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру. 

Заманауи зерттеулер негізінде балалардың психикалық дамуының тежелу мəселесі дүниежүзілік 

психологтар  мен  педагогтардың  бірден  бір  көкейтесті  мəселенің  бірі  болып  табылатындығы  айқын 

көрсетіледі. 

Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  тек  қана  психикасы  бұзылған  деп  қарамау  керек, 

сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылықтарда жиі кездеседі. Əдетте, 

психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  тілінде  кемістікті  байқаймыз.  Бірақ  бұл  жағдай  да  түрлі 

сөйлеу патологиясымен байланысты емес, яғни, ол ақыл-ойы дұрыс балаларда да көрініс беретін кез 

келген  сөйлеу  мəнерінің бұзылуы  болып  табылады.  Алайда  психикалық  дамуы  тежелген  оқушылар 

тобында  да  сөйлеу  мəнерінің  фонетикалық-фонематикалық  тұрғыда  дамымай  қалу  жағдайы  жиі 

кездесіп жатады. 

Барлығымызға  белгілі  түзете  дамыта  оқыту  сыныптарындағы  психикалық  дамуы  тежелген 

оқушылар  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартына  сəйкес  білім  алады.  Психикалық 

дамуы тежелген балалардың көп жағдайда бір бөлігінің сөйлеу тіліннің жүйелі түрдегі бұзылыстары 

болады, ал бұл олардың тақырыпты меңгерулеріне кедергі келтіреді. Сондықтанда осы оқушыларды 

оқытудағы  түзету  міндеттерінің  біріне  сөйлеу  тілін  жан-жақты  дамыту  жатады.  Психикалық  дамуы 

тежелген  балалардың  тілін  дамыту — қазіргі  кезде  оқу-тəрбие  ісіндегі  басты  мəселе.  Бастауыш 

мектеп  бағдарламасында  балалардың  жас  ерекшелігіне  сай  тапсырмалар,  жаттығу  жұмыстары 

беріледі, сол себептен тіл дамыту жұмыстары мəтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап 

беру жəне мазмұндама мен шығарма жаздыру арқылы жүзеге асырылады. 

Психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларды  оқытуда  тіл  дамыту  жұмыстары  төмендегідей 

бағытта ұйымдастыруды ұсынамыз. 

Оқыту  үрдісін  ақпараттандыру — жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  дамыта 

оқыту, дара тұлғаны бағыттап саралап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің 

барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін 

ақпараттандыру ісінің басты мақсаты заман талабына сай ақпараттық қоғамның шарттарына сəйкес 

білім  алатын  балалардың  тұрмыстық,  қоғамдық  жəне  кəсіптік  өмір  салаларына  толық  əрі  тиімді 

араластыру болып табылады. 

Мектеп  жасындағы  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларды  жан-жақты 

қалыптастыру  негізінен  осы  балаларға  арналып  жасалған  электронды  оқулығымыз  арқылы  жүзеге 

асырылды.  Оқу  жоспары  бойынша  психикалық  дамуы  тежелген  танымдық  əрекеттерін  дамыту, 

қоршаған ортамен танысу жəне əр түрлі құбылыстардың себебін жəне оның өзгерістерін анықтау, тіл 

дамыту,  еңбекке  баулу,  əр  түрлі  пəндерді  арнайы  дидактикалық  əдістермен  игеру  қарастырылған. 

Сонымен  қатар  бұндай  балаларға  сабақтан  тыс,  ойын  ретінде  өтілген  сабақтарды  қайталап  отыру, 

баланың есте сақтау жадында жақсы сақталады. 

Бүгінгі  таңда  алдымызда  білім  беру  саласының  жүйелі  даярланып  берген  білімді,  дағдыларды 

жоғары деңгейде меңгертетін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, 

тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті 

тұр.  Бұл  оқушылардың  шығармашылық  əрекетін  дамытудың  маңызды  мəселе  екендігін  көрсетеді. 

Жалпы  оқушылардың  сөйлеу  əрекеті  ғылыми-педагогикалық  мəселелер  едəуір  зерттелген. 

Балалардың  өн  бойында  сөйлеу  əрекет  тəжірибесін  жан-жақты  қалыптастыру  қажеттілігі  бүгінгі 

мектептің басты мақсаттарының бірі. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының … 

Серия «Педагогика». № 3(83)/2016 

 

91 


Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  бастауыш  сыныптарды  байқалған  бойларындағы 

үлгермеушілігі  оқу  бағдарламасы  күрделенген  сайын  оқуды  толыққанды  меңгеруде  үлкен 

қиыншылықтар  туғызары  сөзсіз.  Себебі  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  бастапқы  білім, 

білік,  машықтарын  толық  меңгере  алмағандықтан,  ортаңғы  буын  сыныптарына  келіп, 

материалдардың  күрделенген  кезінде  мүлдем  үлгерім  қатарынан  шығып  қалуы  мүмкін.  Демек, 

психикалық  дамуы  тежелген  балалармен  қосымша  жұмыс  атқару  тиіс,  баланың  ойлау,  сөйлеу, 

қиялдау, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында. 

Білім  берудегі  қоғам  талабына  сай  технологиялардың  көмегімен  жаңа  білім  беру  парадигмасы 

іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Оқыту технологияларының даму тенденциялары тұлғаның 

өзін-өзі  тануына  жəне  өзін-өзі  дамуына  мүмкіндік  беретін  гуманитарлық  білім  берумен  тікелей 

байланысты.  Қазіргі  таңда  қоғам  ортасында  білім  беру  саласында  «білім  беру  технологиялары», 

«педагогикалық  технология»  терминімен  қатар  «оқыту  технологиялары»  термині  қолданылады. 

Ұсынылған  терминдердің  арасында  біріншісі  көлемді  болып  келеді.  Себебі  білім  беру 

технологиясында  оқушының,  үйренушінің  тұлғалық  сапасын  дамыту  жəне  құрумен  байланысты 

болатын тəлім тəрбиелік аспекті бар [3, 4]. 

Оқытудың ақпараттық технологиялары: 

Білім беру жүйесінің бірқатар дамуындағы көрсетілген беталыстар мен өзгерістер жаңа ортаның 

—  ақпараттық  қоғамның  пайда  болуына  байланысты  екендігі  жоғарыда  айтылды.  Мұндай 

беталыстарды  мемлекетіміздің  мектептерінде  жүзеге  асыру  үшін  оқу  орындарына  жаңа  ақпараттық 

технологияларды,  оқыту  əдістері  мен  түрлерін  заманға  сай  білім  беруді  енгізу  жүргізілуде.  Жаңа 

оқыту  технологиялары  білім  беру  сапасын  көтеруге  ықпалын  тигізіп  қана  қоймай,  білім  беру 

қызметіндегі бəсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға ықпал етеді. 

Заман  талабына  сай  электрондық Web-оқулықтың  қандай  екендігі  туралы  біртұтас  ойдың 

болмауы көзқарастың жан-жақтылығында. Жалпы электрондық оқулық дегеніміз — мультимедиалық 

оқулық. 

Оқытудың  кез  келген  саласында  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  психикалық  дамуы 

тежелген балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға 

шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  жағдай  жасайды.  Осы  уақытқа  дейінгі  оқыту,  білім  беру 

саласында  тек  ұстаздардың  айтқандарын  немесе  оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын 

қанағаттандырмайды.  Сол  себепті  қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  бұл  оқулықтарды  қолданбай 

алға  жылжу  мүмкін  емес,  сондықтан  электрондық  оқулықтың  құрылымы  сапалы  жаңа  жоғары 

деңгейде  болуы  тиіс.  Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін 

дамытуда қолданатын электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп 

отырмай, өтілген жəне оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал тигізеді. 

Сонымен  қатар  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін 

дамытуда  қолданатын  электрондық  оқулықтарды  сабақта  қолдану  кезінде  психикалық  дамуы 

тежелген балалар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. 

Əрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша  тапсырмалар  орындап,  тестілер  шешіп,  карталар  жəне 

схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. 

Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  дамытуда 

қолданатын  электрондық  оқулық  арқылы  түрлі  суреттер,  бейнекөріністер,  дыбыс  жəне  музыка 

тыңдатып көрсетуге болады. 

Бұл,  əрине,  ұстаздың  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен  əлдеқайда  тиімді  əрі  əсерлі.  Меңгерілуі 

қиын сабақтарды компьютердің көмегімен психикалық дамуы тежелген балаларға ұғындырса, жаңа 

тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз. 

Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  дамытуда 

қолданатын  электрондық  оқулықтарды  қолдану  барысында  оқушылардың  сабаққа  деген 

қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ ұстаздарға де өзіне қажетті əдістемелік, 

дидактикалық  көмекші  құралдарды  молынан  пайдалана  аладаы.  Электрондық  оқулық — бұл  заман 

талабына  сай  дидактикалық  əдiс-тəсiлдер  мен  ақпараттық  технологияны  қолдануға  негiзделген 

түбегейлi жүйе. 

Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  дамытуда 

қолданатын  электрондық  оқулықпен  оқыту  ұстаздың  оқушымен  жеке  жұмыс  iстегенiндей  болады. 

Дəстүрлi  білім  беруде  кейбiр  оқушылар  түсiнбей  қалған  материалды  мұғалімнен  қайталап  сұрай 

беруге  кейде  қысылады  немесе  ұялады,  сондықтан  да  жаңа  тақырыпты  дұрыс  қабылдай  алмауына 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


А.М. Рахметова, Г.С. Ашимханова, А.С. Кударинова 

92 


Вестник Карагандинского университета 

əкеп  соғады.  Ал  электрондық  оқулықпен  жеке  жұмыс  iстеуiнiң  арқасында  психикалық  дамуы 

тежелген  оқушылар  сол  тақырыпты  бiрнеше  қайталап  оқуына,  тыңдауына,  тiптi  түсiнбеген  сөздi 

бөлiп  анықтама  бөлiмiнен  қарауға,  сол  сөздiң  түсiндiрмесiн  бiлуiне,  оның  грамматикалық  жасалу 

жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi [5]. 

Электрондық оқулықтар психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу 

тілін  дамытуда  бiлiм  сапасын  бақылау  жүйесiн  өзгертуге  жоғары  деңгейде  көтеруге  мүмкiндiк 

жасайды.  Дəстүрлi  оқытуда  əр  оқушы  мұғалім  тарапынан  қадағалау  өте  жиi  болмай  қалуы  да 

кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң əр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде 

психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тапсырманың дұрыс орындалуын ғана 

қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет 

ақпарға сiлтемелер берiп отырады. 

Бұл  психикалық  дамуы  тежелген  балалар  үшiн,  бiрiншiден,  үлкен  көмек,  жеңiлдiктер  туғызса, 

екiншiден,  сол  материалды  автоматты  түрде  бақылап,  əдiл  бағасын  беруге,  балалардың  қажетiне 

қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мəлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы 

жалпы  грамматикалық  анықтамаларды  оқи  отырып,  бiлiмiн  тереңдете  алады.  Мiне,  жан-жақты 

қарастырылған мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген 

қызығушылығын,  оқуға  деген  белсендiлiгiн  арттырады,  оқытудың  дəстүрлi  ұйымдастыру 

формасынан шығып, білім беруді даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электрондық оқулықта 

берiлген мəтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдайында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. 

Сұхбаттар көлемi жағынан оқушылар шағын жəне жеңiл жатталады. 

Электронды  оқулықтар  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу 

тілін дамытуда: 

 бiлiм алу деңгейiн тереңдетуге; 

 ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын жан-жақты қалыптастыруға; 

 өз бетiнше терең iздену қабiлетiн қалыптастыруға; 

 ойлау процестерін дамытуға; 

 сөздiк қорының түзелуіне, молаюына; 

 тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының жоғары деңгейде артуына; 

 сабақта өзiн еркiн ұстап үйренуіне, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына; 

 өз iсiне терең талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  оқу  үрдiсiнде  психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып 

оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда электрондық оқулықты қолданудың маңызы өте зор. 

Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып  оқушыларының  электрондық  оқулықпен  сабақ 

бойы  үздiксiз  байланыста  болғандықтан,  тiлдi  меңгеруiне  үлкен  мүмкiндiктерi  бар.  Заман  талабына 

сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану оқытудың жаңа 

технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен 

қалыспайтын  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолындағы  ортақ  міндетті  өз  мəнінде  жүргізу  үшін,  бір-

бірімізден тəжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді болады деп 

ойлаймыз. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Астапов В.М., Лебединская О.И., Шапиро Б.Ю. Теоретико-методологические аспекты подготовки специалистов со-

циально-педагогической сферы для работы с детьми, имеющими отклонения в развитии. — М., 2005. — 256 с. 

2  Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. — М.: Академия, 2005. — 47 с. 

3  Специальная педагогика: учеб. пособие / Под ред. Н.М.Назаровой. — М.: Академия, 2000. — 519 с. 

4  Коррекционная  помощь  детям  раннего  возраста  с  органическим  поражением  центральной  нервной  системы 

в группах кратковременного пребывания / Под ред. Е.А.Стребелевой. — М.: Просвещение, 2001. — 158 с. 

5  Дефектология: Словарь-справочник / Под ред. Б.П.Пузанова. — М.: Академия, 2001. 

 

 



Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының … 

Серия «Педагогика». № 3(83)/2016 

 

93 


А.М. Рахметова, Г.С. Ашимханова, А.С. Кударинова 

Значение электронного пособия в развитии речевой деятельности  

учеников начальной школы с задержкой психического развития 

В статье освещено использование электронного пособия для развития и совершенствования речевой 

и коммуникативной  деятельности  детей  с  задержкой  психического  развития.  Отмечено,  что 

с помощью  такого  пособия  можно  эффективным  образом  воздействовать  на  познавательные  и 

мыслительные  процессы,  коммуникативную  функцию,  личностные  и  нравственные  качества  детей 

данной  категории.  В  формировании  и  развитии  речи  детей  с  задержкой  психического  развития, 

подчеркнуто 

авторами, 

использование 

электронного 

пособия 

повышает 

способности 

к познавательной  активизации,  поиску  нужной  информации  и  позволяет  сделать  данный  процесс 

непрерывным, интересным, связанным с потребностями повседневной реальной жизни. 

 

A.M. Rahmetova, G.S. Ashimhanova, A.S. Kudarinova 



The value of electronic aids in the development of speech activity  

of children with mental retardation 

This publication mentions the use of electronic aids for the development and improvement of speech and 

communicative activity of children with mental retardation, and through this grant can be an effective way 

to influence the cognitive and mental processes, communicative function, personality and moral qualities 

of children in this category. The formation and development of speech of children with mental retardation use 

of electronic aids increases the capacity for cognitive activation, finding the right information, and allows you 

to make this process neprervnym, interesting, related to the needs of everyday real life. 

 

 



References 

1  Astapov V.M., Lebedinskaya O.I., Shapiro B.Yu. Theoretical-methodological aspects of training of specialists in social and 



educational spheres to work with children with developmental disorders, Moscow, 2015, p. 256. 

2  Special psychology, edit. V.I.Lubovskiy, Moscow: Academy, 2005, p. 47. 

3  Special Education: textbooks, edit. N.M.Nazarova, Moscow: Academy, 2000, p. 519. 

4  Correctional help young children with organic lesion of the central nervous system Group short stay, edit. E.A.Strebeleva, 

Moscow: Prosvechsheniey, 2001, p. 158. 

5  Defectology, reference dictionary, edit. B.P.Puzanov, Moscow: Academy, 2001. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет