көріністі дұрыс суреттей алмаған жағдайларда (əріптерді жазуда немесе
орналасуында қателессе), есті дамытуға ерекше зейін аудару қажет. Бұл
реттегі қорытындылар оның табиғи есінің жеткіліксіз дамуын көрсетеді.
Үндемейтін жəне сөйлейтін айна
Бұл жаттығу əдетте топ қатысушыларына өте ұнайды жəне көңілді, сергек
келеді. Жастардың тобында барлығы дерлік үлкен мөлшердегі «айналардан»
өзінің «бейнесін» алуға тырысады. Жаттығу идеясы Г.И. Марасановқа тиесілі.
Рəсімнің мəні неде?
Жүргізуші «айнаға қарайтын» еріктіні шеңберге кіруге ұсынады.
- Сенің міндетің «айнадағы»
бейне арқылы, яғни екі «айнадан», топ
мүшесінің қайсысы сенің артыңда тұрғанын анықтау. Бұл екі «айналар»
əлбетте, тірі болады. Біреуі үндемейтін болады: ол сенің артыңда кімнің
тұрғанын ым жəне дене қимылы көмегімен ғана түсіндіре алады. Екінші
сөйлейтін «айна». Ол əрине
есімін атамай, оның қандай адам екенін
түсіндіреді. Топтың ішінен үндемейтін жəне сөйлейтін «айналар» болатын екі
адамды таңдап ал.
Ойыншы
таңдау жасағаннан кейін, жүргізуші «айналарға» толықтай
нұсқаулық береді:
- «Айналар» қабырғаға жақын тұрады. Басты ойыншы олардың алдында.
Қалған барлық топ мүшелері оның артына орналасады жəне бір бірден шусыз
оның артына келеді. «Айналармен» бейне кезек кезек жүреді. Алғашқыда
үндемейтін «айна» жұмыс жасайды. Егер
басты ойыншы өзінің артында
тұрған адамды таба алмаса, «сөйлейтін айна» кіріседі жəне бір – тек қана бір!
– сөз айтады. Егер ойыншы таба алмаса, қайтадан үндемейтін «айна» басқаша
бейнелейді жəне т.с. Ойыншының міндеті – артында тұрған адамды
жылдамырақ табу.
«Айналар» үшін белгілі бір шарттар бар. Үндемейтін «айна» іс жүзінде негізгі
ойыншының артындағы адамның «бейне» тəсілімен ғана шектелмейді. Бірақ
адамдардың тек қана сыртқы ерекшеліктерінің бейнесіне ғана көңіл аударуына
жəне қандай да бір физикалық мінездемелерін айрықша баса айтуына
болмайды:
жаттығу бастапқы жұмыс деңгейінде қолданылатын болса –
əсіресе жасөспірімдер немесе жас топтарда. Тинэйджерлер көбіне бір
бірлерін аямайды жəне ауыр реакциялармен сындарлы емес шатақтарға
əкелетін, басқалардың физикалық кемшіліктерін асыра көрсетеді. Дегенмен
де, жүргізуші саналы түрде өзінің физикалық Менін жасөспірімдермен
талқылау мақсатында əдейі жасауы мүмкін. Бірақ бұл жаттығудың
мағынасы да өзгеретін, басқа əуен.
- Сөйлейтін «айнаға» ашық шектеудің қатары қабаттасады. Біріншіден,
негізгі ойыншының артындағы адамның есімін атауға тыйым салынады.
Екіншіден, ол адамды сипаттай отырып, топтан тыс бұл адамның қатысуымен
болған оқиғаларды негіздеуге болмайды. Үшіншіден,
қарапайым сыртқы
келбетті бейнелеуден қашу керек. Бұл тек үшінші фразада ғана рұқсат етіледі.
Бастаймыз!
Бірнеше минуттан кейін жүргізуші негізгі ойыншыны ауыстыруды ұсынады,
ал ол «айналарды» ауыстыруға да құқылы болады. Сабақтың екпінін жоғалтып
алмау үшін, үш – төрт ойын кезеңі жеткілікті болады. Міндетті түрде өткен
ойынды қайталау керек.
Мынандай сұрақтарды талқылауға болады:
Ойыншылардың қайсысына, оның Артында кімнің тұрғанын анықтау үшін,
ең аз айналар «бейнесі» қажет болды?
Бұндай зеректіктің құпиясы неде?
Топ мұшелерінің қайсысы ең талантты «айна» болды? Бұл үшін оған не
көмектесті?
Қатысушылардың қайсысы «айналармен» қалай бейнеленгеніне таңғалды?
Сіз өзіңіздің «бейнеңізді» көргенде не сезіндіңіз?
Талқылау барысында қатысушылардың бір бірлеріне жиі мынандай
сұрақтары туындайды, мысалы, мазмұны:
- Майра, сен мені көрсеткеніңде, сенің сол қимылын нені білдірді?
- Андрей, мені «бейнелей» отырып: «бəрінен де
сыйлықыты керемет жасай
алатын адам» - деп неге айттың? Бұны қайдан шығардың? Жəне т.б.
Бұл жаттығудың қорытындысынан туындайтын мағынаны кері байланыста
қайта бағалау қиын. Қандай да бір себептермен топта талқыланбаған материал
қатысушылар үшін «кодакпен» жасауға келмейтін, біртүрлі
«сиқырлы сурет» болып қалады. Фотоаппарат адамның «объективті» бейнесін
тіркейді ғой, ал мұндай «айналар» ешқандай құралмен алу мүмкін болмайтын,
субъективті көрініс сыйлайды.
Достарыңызбен бөлісу: