Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі
Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі.
Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі.
Жас грамматистер тілді жеке адамдардың психофизикалық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Бұл – олардың бүкіл концепцияларының негізі. Олар тілдегі өзгеріс-құбылыс атаулының барлығы да индивидуумның психофизикалық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты дейді.
Ф. де Соссюр концепциясында «тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы, – деп жазады де Соссюр, – біз әлеуметтікті индивидуалдықтан бөліп аламыз. Сөйлеуде ұжымдық ештеме жоқ, ол түгелімен индивидуалдық».
Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды.

Кітапта психолингвистиканың негізі – сөйлеу әрекеті және оның коммуникативтік сипаты делінген. Америка психолингвистерінің ғылыми тұжырымдамалары бойынша тіл білімінің негізгі міндеті – тілдік ақпаратты кодқа түсіру, сөйлеу, сөйлесу әрекеттерінің қалай жүзеге асатындығын, сөйлеу әрекетінің сөйлеушілер психикасымен қатынасын; қабылдау, түсіну процестерін зерттеумен шұғылдану дегенді айтады.
Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет тілдерді меңгеру, онтогенездегі адамның сөйлеу алу қабілетінің қалыптасуы, адамзат қоғамында сөйлеу коммуникациясын жүзеге асырудың ерекшеліктері сияқты гносеологиялық, фактологиялық материалдар негізінде талданады.
Осылайша, психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу, сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырдың 50-жылдары лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде пайда болған.