Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері



бет1/5
Дата08.12.2023
өлшемі100,4 Kb.
#135011
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ONUvS8GrY7XVRL-llazESg

Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері

Тіл біліміндегі психологизм бағыты ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушылардың қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.А.Потебня, неміс ғалымдары В.Вундт, Г.Пауль т.б. қолдады. Г.Штейнтальдың тіл мәселелерін психологияның заң ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) деген еңбектерінде баяндалған.

Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады.

  • Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады.
  • Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне, қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға, солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді.
  • Жалпы алғанда, жалық тілі, қоғам тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады. Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп аталады.

Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады.

  • Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады.
  • Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады.
  • Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет