Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет55/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104
11. А.А.Леонтьевтің моделі 

А.А.Леонтьев  айтылып  жүрген  сӛйлеудің  туындау  модельдерін  сыни  тұрғыдан 

қарастырды  және  Л.С.Выготскийдің  және  А.Р:Лурияның  идеяларына  сүйене  отырып, 

жалпы  ұғым  ретінде  қызметтің  теориялық  концепциясын  және  және  тілдік  қызмет 

теориясын қолданды. Оның сӛйлеудің туындау процесін қызметтің тұтас актіне құрамдық 

бӛлшегі  болып  енетін  күрделі,  кезең  бойынша  қалыптасатын  сӛйлеу  әрекеті  ретінде 

қарастыру қажет деп есептеді.  

А.А. Леонтьевтің мынадай сӛйлеудің туу теориясын ұсынды. Сӛйлеудің туындау 

процесінің бірінші кезеңі сӛйлеудің ішкі бағдарламалануы (внутреннее программирование 

высказывание) болып табылады. Ішкі бағдарлама болашақ туындайтын пікірдің ядросына 

сәйкес келеді. Пропозицияның (сӛйлемнің номинативті не семантикалық аспектісі ретінде 

түсіндіріледі.  Пропозицияның  құрамына  кіретіндер:  тема  мен  предикат)  иерархиясын 

кӛзге  елестете  отырып,  ол  оның  предикативтіліімен  және  ситуацияның  тема-ремалық 

мүшеленуімен  баланысты.    Ішкі  бағдарламаланудың  негізінде  жеке  мәнге  (личностный 

смысл)  ие  бейне  жатыр.  Бағдарламалау  бірліктерімен  қосу  (включение),  санап  шығу 

(перечисление), мүшелеу (сочление) операциялары жасалады.  

Грамматика-семантикалық  кезеңнің  жүзеге  асу  барысында  кіші  кезеңдер 

(подэтапов) қатары айқындалады:  

- тектограмматикалық (объективті кодқа кӛшу), 

-  фенограмматикалық  (код  бірліктерінің  ұзынша  таралуы  -  линейное 

распределение),  

-  синтаксистік  болжам  (элементтерге  грамматикалық  сипат  тіркеп  қою  – 

приписывание элементам грамматических характеристик),  

- синтаксистік бақылау (болжамның ситуациямен ара қатынасын белгілеу).  

Ішкі  семантика-грамматикалық  сӛйлеудің  бағдарламалануының  артынша  оның 

моторлы  бағдарламалану  болады.  Содан  кейін  сӛйлеудің  шығуы  –  реализациясы  жүзеге 

асады.  



 

49 


Сӛйлеудің  туындау  процесінің  әрбір  этапында  оның  жүзеге  асуының  бақылау 

механизмі әрекет етеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет