Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет82/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104
Байланысты:
p170220161

сыртқы  бӛлім  28,  кӛңілді  20,  жас,  жақсы  18,  жаман  16,  стипендия  14,  экзамен  11, 

абитуриент,  азаптанушы,  оқытушы  10,  үнемі  аш  жүру,  вино,  аштық,  аш,  тамаша 

кездер, психоз, бес жыл демалыс – жиырма минут масқара 1.  

Ассоциативті  эксперимент  сӛздің  мағынасында  психологиялық  компонентті 

кӛрсетеді. Осылайша ассоциативті эксперимент сӛздің семантикалық құрылымын құруға 

мүмкіндік  береді.  Ол  лингвистикада  семантикалық  алаң  деп  аталатын  психологиялық 

эквиваленттерді  зерттеу  үшін  маңызды  материал  ретінде  қызмет  атқарады  және  тіл 

иесінің  психикасындағы  сӛздердің  семантикалық  байланыстарын  объективті  түрде 

анықтайды, табады, ашады.  

Осыған  орай  ассоциативті  эксперименттің  ең  басты  артықшылғы  оның 

қарапайымдылығы,  қолдануға  оңайлығы,  ол  сыналушылардың  үлкен  тобымен  ӛткізіле 

алады.  Сыналушылар  сӛздерді  мағынасымен  «қолданыс  режимінде»  жұмыс  істейді, 




 

73 


мұның  ӛзі  мағынаның  кейбір  ұғынылмайтын  компоненттерін  айқындауға  мүмкіндік 

береді. Айталық, эксперименттің нәтижесі бойынша орыс тілі иесінің санасында экзамен 

сӛзінің мынадай психологиялық моменті де болады: қиын, қорқыныш, қорқынышты, ауыр 

(16). Лингвистикалық сӛздіктерде мұндай сӛздер жоқ.  

(16) ЭКЗАМЕН (626 адам) – қиын 87, тапсыру 48, сессия 26, сынақ 21, билет 18, 

жуырда  17,  математика  бойынша  13,  кәмелетке  толу  аттестатына,  қорқыныш  10, 

қорқынышты 8, ауыр 6.  

   Сӛзге  ассоциативті  реакциялардың  ерекшелігі  сыналушылар  сӛз-стимулдың 

фонологиялық және синтаксистік деңгейіне сезімтал болуы мүмкін.  

Кейбір  фонетикалық  ассоциациялар  мағыналық  ассоциациялар  ретінде 

қарастырыла  алатыны  ескерте  кеткен  жӛн  (17).  Әдетте  бұл  ассоциациялар 

экспериментаторлармен  жұмыс  істегісі  келмейтіндермен  немесе  шаршаған  күйдегі 

(мысалы,  ұзаққа  созылған  эксперименттің  соңында),  сондай–ақ,  ақыл-есі  кем 

сыналушыларға беріледі.  

Кейбір  реакциялар  (17)  мағыналық  ретінде  де  және  фонетикалық  ретінде  де 

түсінілуі  мүмкін.  Олар  кӛбінесе  сыналушыларға  шаршаған  кезде  немесе  ақыл-есі  кем 

сыналушыларға беріледі:  

(17) мама- рама, дом – дым, гость – кость 

Ассоциациялардың  кӛпшілігі  сӛйлеу  штампалармен,  клишелермен  шарттасқан. 

Сондай-ақ, бұл кезде ассоциациялар сыналушының туған мәдениетінің түрлі аспектілерін 

(18) және мәтіндік реминисценцияларын (19) бейнелейді.  

(18) алаң – Қызыл 

(19) мастер – Маргарита 

Ассоциативті  эксперимент  психологтар  үшін  ерекше  мәнге  ие,  себебі 

экспериментальды  психологияның  ең  кӛне  әдістерінің  бірі  болып  талады.  Джордж 

Миллер  бұл  әдістің  пайда  болу  тарихын  кӛрнекті  түрде  түсіндіреді.  Ағылшын  ғалымы 

және  Чарлз  Дарвиннің  немерелес  інісі  сэр  Френсис  Гальтон  1879  жылы  бірінші  болып 

ассоциативті  экспериментті  қолданды.  Ол  75  сӛзді  таңдап  алды,  әрқайсысын  жеке 

карточкаға жазып, бірнеше күндей оған тиіспей жүрді. Сосын карточкаларды бір-біреуден 

алып, оған қарады. Ол ӛзінің кӛзі сӛзге келіп тоқтағаннан бастап және оқылған сӛз онда 

екі түрлі ой тудырғанға шейін уақытты хронометрмен  белгілеп отырған. Ол бұл ойларын 

жазып  отырған,  бірақ  жариялаудан  бас  тартқан.  «Олар  адам  ойының  мәнін  сондай  таң 

қаларлық  анық  және  сенімді  түрде  жалаңаштайды,  егер  оны  жарияласақ,  онда  оларды 

сақтауға болмайды», - деп жазды Гальтон.  

Қазіргі таңда мұндай әдіс Кент-Розанованың еркін асссоциациялары методикасы 

ретінде танымал. Мұнда тітіркендіруші ретінде 100 сӛзден тұратын жинақ қолданылады. 

Бұл  сӛздерге  сӛйлеу  реакциялары  психикалық  жағынан  сау  адамдардың  үлкен  санына 

жүргізіліп,  стандартталған  және  стандартты  емес  сӛйлеу  реакцияларының  үлес  салмағы 

(стандарттылармен  олрдың  қарым-қатынасы)  анықталады.  Бұл  берілген  мәліметтер 

эксцентрліктің  деңгейін,  нақты  сыналушылардың  ойлауының  ерекшелігін  анықтауға 

мүмкіндік береді. Әрбір адамның ассоциативті алаңы атаулардың құрамы бойынша және 

олардың  арасындағы  байланыстың  күші  бойынша  ӛзгеше  болып  келеді.  Жауаптардағы 

байланыстардың  қандай  да  бір  актуалдылығы  кездейсоқ  емес  және  тіпті  ситуацияға  да 

тәуелді  болуы  мүмкін  (20).  Алайда  адамның  білімінің  деңгейі  оның  ментальды 

лексиконының  құрылуына  әсер  ететіні  сӛзсіз.  Айталық,  орыс  және  эстон  тілі 

материалдары  бойынша  ассоциативті  эксперименттер  жоғары  техникалық  білімі  бар 

адмдар кӛбінесе парадигмалық ассоциация береді, ал гуманитарлықтар – синтагмалық.  

(20) дос - Мишка    

 Сонымен  қатар,  ассоциация  сипатына  және  адамның  жасы  және  географиялық 

жағдайы  және  мамандығы  да  ықпал  жасайды.  А.А.Леонтьевтің  берген  мәліметтері 

бойынша,  Ярослав  (21)  немесе  Душанбенің  тұрғыны  (22),  дирижер  (23),  медсестра  (24) 

және құрылысшы (25) бірдей стимулға әр түрлі реакция берген.  




 

74 


(21) кисть – рябины 

(22) кисть – винограда 

(23) кисть – плавная, кисть – мягкая 

(24) кисть – ампутация 

(25) кисть – волосяная 

 Дегенмен,  белгілі  бір  ұлтқа,  белгілі  бір  мәдениетке  тиістілігі  берілген  тілде 

ассоциативті алаңның «орталығын» тұтас алғанда стабильді етеді, ал байланысты – үнемі 

қайталанатын  етеді  (26,  27,  28).  А.А.Залевскийдің  тверлік  психолингвистика 

материалдары бойынша ассоциациялар халықтың мәдени-тарихи дәстүрлеріне де тәуелді 

– орыс (29), ӛзбек (30), француз (31).  

(26) ақын – Пушкин 

(27) сан – үш 

(28) дос – жолдас, дос – дұшпан, дос – адал 

(29) нан – тұз 

(30) нан – шай 

(31) нан – вино 

Бір стимулға берілген ассоциацияларды салыстырғанда, сӛз-стимулға үш ең жиі 

реакциялар  1910  жылы  орташа  есеппен  жалпы  жауаптың  46  %  құрды,  ал  1954  жылы 

жалпы  жауаптың  60  %,  яғни  ең  жиі  реакциялар  жылдан-жылға  жиі  бола  түскен.  Мұның 

ӛзі,  стандартты  білім  беру  жүйесіне,  теледидардың  және  басқа  массалық  коммуникация 

құралдарының  кең  таралу  нәтижесінде  реакцияның  стереотиптілігі  ұлғайды,  адамдар 

бірдей ойлай бастады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет