Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет84/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104
Байланысты:
p170220161

веселенький ситчик, темная личность, живая речь, черный юмор, светлый ум.  

Физиология  тілімен  айтқанда,  кроссмодальды  ӛтуді  қамтамасыз  ететін 

синестезияның физиологиялық механизмі кейбір модальдылықтың стимуляциясы тек қана 

сананың ӛзіне арналған спецификалық зонасына ғана түспейді, сондай-ақ коллатералялар 

бойынша  –  басқа  модальдылықтың  ӛзі  үшін  спецификалық  емес  проекционналық 

зоналарына  түседі.  Бір  модальдылық  негізінде  қабылдауда  тұтас  интермодальды  образ 

құрастырылады.  Басқаша  айтқанда,  мидың  бір  зонасына  баруы  тиіс  сигналдар  басқа 

зоналарға  да  барады.  Синестезияны  организм  деңгейінде  жлпы  қорытуды  қамтамасыз 

ететін тілге дейінгі категоризацияның әмбебап формасы ретінде қарастыруға болады.  

Объектілерді  шкалаларда  берілген  белгілер  арқылы  суреттеуден  мағыналық 

инвариант болып табылатын факторлардың кӛмегімен объектілерді  суреттеуге қарай ӛту 

объектілер  жайындағы  информацияның  жоғалуымен  байланысты.  Басқаша  айтқанда, 

эмоционалды  мәнді  бағалаулардың  қатаң  бұлжымайтын  шкалаларға  ӛтуі  –  бұл  әрқашан 

тұрпайылық  (огрубление).  Фактордағы  шкала  мағынасынан  тек  қана  факторға  кіретін 

шкалалар барлық жиынтығына инвариантты информация ғана бейнеленеді.  

Бұл  инвариант  коннатативті  мағына  негізінде  жатқан  эмоциональды  тон 

немесе  бейнелік  сезімдер  болып  табылады.    Психология  тұрғысыан  қарағанда 

коннотативті  мағына  –  бұл  қарым-қатынас  және  эмоциональды  қарым-қатынас,  жекелік 

мән  және  сезімдік  ткань  әлі  де  әлсіз  дифференцияланған  мағынаның  генетикалық  ерте 

формасы.  Сондықтан  семантикалық  дифференциал  методикасы  мағынаны  объекті 

жайындағы білім ретінде бағалауға емес, жеке мағынамен байланысты коннативті мағына 

ретінде бағалауға  мүмкіндік береді.  

Осыған  орай,  семантикалық  дифференциал  методикасын  қолдану  социологияда 

массалық  сананың  формасын  зерттеудің  құралына  айналдырды.  Мысалы,  Сталин  және 

Гитлер  сӛзі  50-жылдары  американдықтар  арасында  шкалалау  барыснда  берілген  шкала 

қатарында бірдей бағалауға ие болды. Демек, сыналушылардың санасында бұл екі сӛз бір-

біріне жақын екенін айтуға мүмкіндік берді.  

Бұл  методиканың  кемшіліктері  де  бар.  Кӛбінесе,  бір  шкаланың  тура  мағынасы 

және ауыспалы мағынасы да болады. мысалы, егер жоғары – тӛмен шкаласы бар болса, 

онда баған немесе саңырауқұлақ сӛздері бұл шкалада тура мағынада бағаланады, ал ханша 



немесе  күнә  сӛздері  метафоралық  түсінік  негізінде.  Осыған  орай  шкаланың  бір 

мағынасына сыналушы әр түрлі мағына үстеуі мүмкін. Бірдей бағалаудың арқасында түрлі 

мағына тұруы мүмкін.  

Кемшіліктеріне 

қарамастан, 

семантикалық 

дифференциал 

методикасы 

психолингвистикада, 

психосемантикада, 

социологияда 

және 


экспериментальды 

эстетикада кең қолданысқа ие.     

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет