реципиенттің белсенділік танытуының бір кӛрінісі болып табылады. (80) фразаны
реципиенттің түсінуіне бұрынғы тәжірибесі әсер етеді. Айталық, орыс тілді реципиент
59
жақында болған жол апатының куәгері ретінде (81) фразаны, ал (82) фразаны Германияға
барып қайтқаннан кейін ӛзінше ұғынады.
(80) Расскажите мне (абаварии).
(81) Расскажите мне об аварии.
(82) Расскажите мне о Баварии.
Реципиенттің белсенділігі тілді қабылдау процесінде ол продуциенттің не
айтатынын пассивті түрде күтуінен және ӛзі не тыңдайтынын немесе келесі бетте, қатарда
не оқитыны жӛнінде болжау жасауынан тұрады.
Қабылдаудың мұндай ерекшелігі қабылдау процесінің жалпыпсихологиялық
механизмінің бӛлігі болып табылатын ықтимал болжам жасаудың психологиялық
механизмі әрекетімен байланысты. Ықтимал болжамдау – бұрынғы тәжірибе және бар
стиуация жӛніндегі ақпараттың ықтимал болуы мүмкін құрылымына негізделген
болашақты алыдна-ала сезіп қою. Мұның мәнісі мынада. Реципиент информацияны
күтеді, оған дайындалады және келесі кезекте ала алатын сол информация жӛнінде
«қарсы» гипотезасын ұсынады.
Дж. Миллердің пікірінше, «тыңдаушы кіре берісте сигнал жӛнінде ӛзінің
жорамалын бастайды. Осы жорамалдың негізінде ол қабылданған сигналымен
салыстырылған ішкі сигналды туғызады. Алғашқы қадам, мүмкін қате болар, егер олай
болса, ол түзету енгізеді және анық, нақты болуы мүмкін қадамдар үшін негіздеме ретінде
қолданады». Осылайша пайда болған «жағдайдың жүйкелік моделі» (нервная модель
обстановки - П.К.Анохин) «болашақ моделінің» әсерінің астында қалады
(С.И.Бернштейн). «Ӛткен-осы шақ» моделіне қарағанда келер шақ моделі ықтималдық
сипатына ие. Ӛткен және осы шақтан келер шаққа қарай экстраполаудың кез келген
фазасында ми тек алдағы момент үшін болуы мүмкін нәтижелердің ӛзіндік таблицасын
белгілеп қоюға шамасы келеді.
«Келер шақты модельдеу» қазіргі ситуациядағы информациядан, қабылдауға
дейін тікелей болып ӛткен индивидтің бұрынғы тәжірибесінен, «жаңа соңғы іздерден»,
«бағдарлаушы реакция» ретінде айтылған белсенді сынаулар мен сипаулардан ми арқылы
алынатын экстраполирования жолымен ғана мүмкін (С.И.Бернштейн).
Әрине, тілдік сигналдың неғұрлым күрделірек болса, соғұрлым қабылдау жеке
элементтер және тұтастық бӛліктерінің дәл физикалық сипаттамасынан азырақ тәуелді
болады. сондықтан шет тілін меңгертудің дәстүрлі методикасында үйрету кезінде, ең
алдымен формальды болжамдауға (яғни, грамматиканы болжап білу) кӛбірек кӛңіл бӛлу
қажет, ал мағыналық болжап білу үйренушілердің шет тілі мәтініндегі мағыналық
байланыстармен танысу деңгейіне байланысты қалыптасады. Адамның әрбір келесі
элементті дұрыс анықтай, болжай білуі дұрыс және дұрыс емес гипотезасының ӛзіне
тәуелді, соған байланысты.
(83) фразаны аяқтай отырып кӛптеген сыналушылар оны дұрыс қалыбына
келтіреді (84), бірақ оғаш, әдеттен тыс, ақылға қонбайтын жауаптар беретін ссыналушлар
да кездеседі (85).
(83) Орманнан иығында ... бар кемпір шықты.
(84) бір бума қураған бұтақтары, себеті және т.с.с.
(85) погоны
Мұндай жауаптарды ұсынатын адамдарда ықтималды болжау механизмі әрекеті
бұзылған (кӛбінесе, шизофрения).
Тілді қабылдау барсында жалпы тілдік заңдар және сӛйлеудегі тілдік бірліктердің
қазметі заңдылығы бойынша білімнің алатын орны зор екені даусыз. Егер (86) фраза
осылай басталса, демек оның жалғасы мынадай болады (87):
(86) Жаңбыр жауды,
(87) және күн салқындады.
(88) фразадағы тілдік таңбалардың тіркесу заңдылығы бұзылатын болса (дұрыс
емес болжам, алданған үміт эффекті), реципиентте күлкілі эффектісін тудырады.