7. Эквивалентті (баламалы) өзгертулер (алмастыру) механизмі
Эквивалентті ӛзгертулер механизмінің әрекеті, негізінен, реципиенттің сӛйлеуді
қабылдау процесінің ӛзінде сӛздер немесе сӛз тіркесін (күрделі белгілерді) қарапайымдау
белгілер және кӛрнекі бейнелерге алмастыруларынан тұрады. Бұндай процестің болуының
ӛзі санада пайда болған белгі алғашқы белгіні тікелей емес жанама немесе «ӛзгерген»
түрде бейнелеу қажеттілігнен туған және адамның оны түсінуі «сӛздер тілі», «бейнелер
тілі» және «ойлар тіліне» аудару жолымен жүзеге асады. Санадағы бейнеге қабылдауда
берілген сӛздерден ӛзгеше, алайда мағынасы жағынан ілесетін түрлі сӛздер сәйкес келуі
мүмкін. Айталық, нұсқау түрінде берілген (76) фразаны қабылдау реципиентте оны басқа
стильге аудару бойынша (77) белсенділік туғызады.
(76) «Лифт асыра тиелген» деген сигнал жанғанда кабинаны жиірек
жеңілдетіп тұру қажет.
(77) Егер қызыл жарық жанғанда, біреуге лифтіден шығу керек болады.
Басқаша айтақанда, лифтіге кірген адам мұндай мәтінді оқығанда, оны ӛзі үшін
түсінікке оңай, жеңіл формаға айналдырып алауы оның ұғымына жеңіл болады. Осы
оңайтылған, жеңілдетілген түрде ол оны есте сақтай алады.
Демек, оқырман оған берілген таңбалық бейнелерді не құрылымды ӛзінің
санасында бар бейнелермен ара қатынасын белгілейді не алмастырады (79).
(79) Версальдағы отбасымен бірге ішкен түскі астан кейін, жаңбырлы түнде
Келісім алаңы және Со, Луи, Рене бульварларынан ӛткеннен кейін, сол жағалаудағы
станцияда бос вагонға кӛңілі жайланып отырды.
Егер мұндай ұғымдар санамызда болмаса, онда реципиент оны ұқсас ұғымдармен
ауыстырады (мысалы, Францияның емес, ӛзіне таныс Қазақстанның теміржолын, вагонын,
бас булварь, алаңды т.с.с.).
Достарыңызбен бөлісу: |