9. Сөйлеуді қабылдау және түсіну
Тілді қабылдау ӛз ішіне тілдің естілетін немесе кӛзге кӛрінетін элементтер
рецепциясын, олардың ӛзара байланысын орнатуды және олардың мағынасы жайында
түсінік қалыптастыруды енгізеді. Осылайша қабылдау екі сатыға ӛріс алады:
қабылдаудың ӛзі және түсіну.
Түсіну – тікелей қабылданатын сӛйлеу тасқыны ар жағында тұратын жалпы
мағынаны ұғыну; бұл қабылданатын сӛйлеудің ар жағында жатқан мағынаға айналу
процесі.
(89) фразасының мәні қандай екені тілдік емес контексте айтылуына байланысты
әр түрлі болуы мүмкін. Егер бұл фразаны баласына ана айтқан болса, онда бұлсӛзді
жылырақ киін деген кеңес ретінде түсінуге болады. Егер бұл сӛз бӛлмеде ашылған
терезеге қарай берілген жестпен бірге жарыса, қосақталып айтылса, бұл фразаны терезені
жабу жайында ӛтініш ретінде ұғынуға болады. Ал егер бұл фразаны саябақта қыдырып
жүрген бойжеткен айтатын болса, бұл қасындағы жігіттің пиджагын беру жӛніндегі ишара
деп түсінуге болады.
(89) Суық!
Бұл сӛз барлық жағдайда шындыққа, түрлі ситуацияларға предикат болып
табылады.
Түсіну барысында реципиент сӛздер арасында айтылған пікірдің мағыналық
мазмұнын жиынтықта құрастыратын мағыналық байланысты орнатады. Мәнін түсіну
нәтижесінде тыңдаушы айтылған пікірдің мағыналық мазмұнын түсінуі немесе түсінбеуі
мүмкін. «Түсінудің ӛзі» психологиялық жағынан түрлі тереңдікпен, түрлі қасиеттермен
сипатталады.
1. Түсінудің бастапқы, ең жалпы деңгейі тек қана айтылған пікірдің негізгі
мәселесін, яғни, НЕ ЖАЙЫНДА айтылғанын түсінуді білдіреді. Тыңдаушы түсінудің бұл
деңгейінде оған не туралы айтылғанын ғана айта алады, бірақ айтылған пікірдің мазмұнын
қайтадан айтып бере алмайды. Тыңдалған пікірдің мағыналық мазмұны реципиент үшін
айтылған пікірдің негізгі тақырыбын анықтауға мүмкіндік беретін фон ретінде қызмет
атқарады.
2. Екінші деңгей – мағыналық мазмұнды түсіну деңгейі – продуциенттің
ойларын мазмұндап баяндап беру барысын түгел дерлік, оның дамуын, аргументациясын
түсінумен анықталады. Ол тек қана не туралы айтылғанды түсінумен ғана емес, сонымен
қатар НЕ айтылғанды түсінумен сипатталады.
3. Жоғарғы деңгей тек қана не жайында және не айтылғанды түсінумен ғана емес,
ең бастысы не мақсатпен бұлар айтылғанын және ҚАНДАЙ тілдік құралдармен
жасалғанын түсінумен анықталады. Айтылған мағыналық мазмұнға осылайша ену
тыңдаушыға сӛйлеушінің осылайша сӛйлеуге итермелейтін мотивтерді түсінуге, сӛйлеуші
не айтқысы келгенін, оның айтқан пікірінің ішкі логикасын түсінуге мүмкіндік береді
және де түсінудің бұл деңгейі ойды білдіруші қолданған құралдарды бағалауды да ӛз
ішіне енгізеді.
Ескере кететін жайт, бір адам түсінудің түрлі деңгейінде болуы мүмкін (айталық,
түрлі лекция тыңдау барысында). Бір уақытта бір хабарды тыңдау процесінде кӛбінесе
түрлі деңгейде тұрған адамдар қатыстырылады.
Сонымен қатар, мынаны да түсініп алу маңызды: тілді қабылдау таңдап алумен
сипатталады. Ол индивидтің назарына түскен тілдік материалдың маңызыдлығымен,
релевантылығымен анықталады. Таңдап алу индивид тарапынан қарсы келген ідденісті
бағыттайды, оған ӛзі үшін маңыздырақ объектіні таңдауға кӛмектеседі. Сонымен қатар,
61
талғампаздық қабылданған интерпретацияны айтарлықтай едәуір маңызды деңгейде
сипаттай отырып реципиенттің белсенділігін танытуға қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |