Психология емтихан сұрақтары



бет5/6
Дата12.05.2023
өлшемі145,43 Kb.
#91926
1   2   3   4   5   6
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) – психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған.
Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген.
Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне: күші, тепе-теңдігі, белсенділігіне байланысты дейді.
Мінез– адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мінез дегеніміз гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.
Қабілет.Ұлы ойшыл Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі».

В.Обручев: «Қабілеттілікте бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».Қабілеттің негізін нышан құрайды.


Нышан – қабілет дамуының алғышарты болып табылады. Нышанға мидың анатомо-морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ғана емес, сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде тұқымқуалаушылықпен байланысты психикалық процестерде жатады.

18. Темперамент анықтамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет