Психология емтихан сұрақтары



бет6/6
Дата12.05.2023
өлшемі145,43 Kb.
#91926
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Психология емтихан сұрақтары 1-25

Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) – психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған.
Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген.
Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне: күші, тепе-теңдігі, белсенділігіне байланысты дейді.
19. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жоға салды.И.П.Павлов жүйке процестерінің кейбір жалпы қасиеттерінің темперамент типтерімен байланысы туралы теорияны ұсынды және ізбасарларының еңбектерінде эксперименттік растау алды. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу, процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Тежелу процестерінің үш негізгі белгісі – күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы деп, олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады.
20. Темпераменттің анықтамасы
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) – психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған.
Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген.
Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне: күші, тепе-теңдігі, белсенділігіне байланысты дейді.
21. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик
Сангвиник– қызу қанды, iскер адам, белсенді,қоғамдық жұмыстармен, саясатпен, актерлік шеберліктермен байланысты әсіптерді таңдайды.
Холерик– аса қозғалғыш, бірбеткей, қызба және ұстамсыз адам, үздік жетекші, спортсмендер, өнертапқыштар.
Флегматик– ұстамды, төзімді, салмақты,жұмыста орындаушы практик бола алады.
Меланхолик–тұйық, адамдардан оқшау жүргенді жақсы көреді. Өте сезімтал, шығармашылық адамдары.
22. Темперамент пен мінездің ара қатынасы
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен атап айтқанда қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау , еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса , мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады.
23. Мінездің анықтамасы
Мінез– адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.Мінез дегеніміз гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.Қабілет.Ұлы ойшыл Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі».
24. . Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда «қабілет» термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады.
-бірінші жағдайда, қабілет пен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл «қабілет» терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі;
- екіншіден, қабілет пен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVIII-XIX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі;
- үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен іс- әрекет арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілетті адам шығармашылықпен айналыспаса, тіпті талантты деген тұлғаның өзі қабілетінен айырылады. Адам қандай іс-әрекетпен айналыспасын, күнбе-күнгі істі тыңғылықты тындыру арқылы, өз қабілетін дамытып, қалыптастырып отырады.
Бірде-бір адам, ол қаншалықты нышанды болғанымен егер ол математика, музыка, сурет іс-әрекеттерімен көп әрі тапжылмастай айналыспаса, ешқандай талантты математик, музыкант немесе суретші бола алмайды, бұған қоса нышан көп мәнді болып табылады. Бір ғана нышанның негізінде бірнеше қабілет дамуы мүмкін. Бір адамның айналысатын іс-әрекет сипаты мен талаптарына, сондай-ақ өмір жағдайымен, әсіресе тәрбие жағдайына аса тәуелді.
Нышандар өздігінен дами береді, жаңа сапалар меңгереді. Сондықтан адам қабілетінің анатомиялық-физиологиялық негізі, тек нышан емес, нышанның дамуы болып табылады, яғни оның организмінің (шартсыз рефлекстерінің) тек табиғи ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ өмір барысында меңгерген шартты рефлекстер жүйесі болып табылады.
25. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
Бәсекеге қабілеттілік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм және білімге табыну сияқты қағидаттарымен жиынтықта «Жеке тұлғаның дамуы» бағытын қалыптастырады және жеке тұлғаны тұрақты инновациялық дамуға, өз білімін практикалық қолдануға, сапалы нәтижелерді қамтамасыз етуге, үздік тәжіри бені кеңейтуге, сондай-ақ оның негізінде жаңа мәдени дәстүрлер құруға бағыттайды. Бәсекеге қабілеттіліктің өзі қазіргі заманғы шындықта тек жеке тұлғада ғана емес, сонымен бірге тұтас ұлтта болуы керек қасиеттер жиынтығының болуын білдіреді. Бұл қасиеттер жиынтығы компьютерлік сауаттылықты, шет тілдерін білуді, мәдени ашықтықты қамтиды
Прагматизм – өзіңің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, өз болашағыңды жоспарлай білу деген сөзді білдіреді. Прагматизм – ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу. Қазіргі қоғамның мәдениеті даңғаза емес, ұстамдылық, молшылық, ұтымдылық мәдениеті. Нақты мақсаттарға қол жеткізуге, білім беруге, салауатты өмір салты мен кәсіби жетістікке баса назар аудара отырып, ұтымды өмір сүре білу – бұл мінез-құлықтағы прагматизм.
Сананың ашықтығы – бұл барлық жаңашылдықтарға дайын болу, беймәлім білімді білуге талпыныс, білмейтін немесе қолыңнан келмейтін затты үйренуге деген құштарлық. «Сананың ашықтығы» қағидаты барлық басқа қағидаттардың дамуы мен өзара іс-қимылында негізгі рөл атқарады, көшпелі дүниетанымнан тамыр алатын қазақстандық менталитеттің сипатын көрсетеді. Әрбір қазақстандық және жалпы Қазақстан көрсететін базалық құндылық-бұл коммуникацияларды тиімді құра білу, өзара түсіністікке және өзара тиімді шешімдерге келу, синергия, сайып келгенде, әрбір қатысушы қайталанбайтын, өз орнында болатын және өзінің миссиясын біртұтас тұтастық игілігі үшін орындайтын бітімгершілік қабілеті. «Сананың ашықтығы» бағытының міндеттері Қазақстандықтарда өзгерістерге дайын болу, басқалардың тәжірибесін үйрену, басқалардан үйрену қабілеті, ашықтық және үздік жетістіктерге бейімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты осы бағыт шеңберіндегі негізгі іс-шаралар коммуникативтік құзыреттілікті дамыту, инклюзивті қоғамды дамыту, халықаралық сарапшылардың қатысуымен іс-шаралар өткізу және т.б. жобалар болуы тиіс, талдау жалпы өңірлердің қойылған міндеттерге сәйкес іс-шараларды іске асыратынын көрсетеді.
Ұлттық бірегейлікті сақтау жөніндегі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі - меритократиялық қоғамның құрылысы, оның қағидаттары мен құндылықтары тамыр-таныстықтың жандануы мен мансаптық дамудың артта қалған формаларының басқа көріністеріне жол бермейді. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы да цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болу үшін қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың идеялық бағдарларын, сондай-ақ ата-бабаларымыздың көптеген ғасырлық мұрасын өзекті ету форматтарын айқындап берді. Қызметтің бұл бағыттары Ұлтты, оның рухын сақтау шарты ретінде ұлттық бірегейлікті нығайтуға, демек оның жалпыға ортақ Тарихтың әлемдік сахнасындағы сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» принципі аясындағы іске асырылатын арнайы жобалар:
- Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру;
- Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы;
- Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет;
- Түркі әлемінің генезисі;
- Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;
- Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі;
- Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет