Психология емтихан сұрақтары


*үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; *



бет4/6
Дата12.05.2023
өлшемі145,43 Kb.
#91926
1   2   3   4   5   6
*үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
*төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
*әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды.
16. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері
Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стресстік импульстар адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық аумағын қамтиды. Жас адамның ағзасын түбегейлі өзгертетіндер:эгоцентристік,эгоизм , қызығушылықтарының бұрмалануы, фанатқа ұмтылу, өз мүмкіндіктерін мойындамау. Осылардың нәтижесінде адам өз хал-ақуалына қанағаттанбайды. Мұның барлығы стресстің пайда болуына әкеп соғады.
Калюшин стресстік күйге жиі түсетін жастардың типін келесідей бөліп көрсетеді:
Гиперәлеуметтік-жатардың шектен тыс шыншыл болғаны.
Максималист-егер жастар барлық жерде ашу-ызаға , әділетсіздікке, дискриминацияға куә болса,онда олар әрдайым бар әлеммен өштесіп өмір сүреді.
Тура ригидті,ымыраға келе алмайтын тұлға- тек қана иә немес жоқ, ақ немесе қара, барлық нәрсе қандай болмасын жүзеге асу керек дейтіндер.
Әлсіз-туылғаннан немесе өмір ағымында мүмкіндіктері шектеулі әрі тек физикалық жағынан ғана әлсіз емес, психикалық және әлеуметтік әлсіз жастар.
Мазасыз-күдікшіл жастарға әрдайым қорұыныш сезімі тән болғандықтан, ағзаны әлсіздендіреді. Бұл типтегі жастар әрқашан өздерін ауру ме—сезініп жүреді.
Волюнтаристер-ереже бойынша өмірді кейінге қалдыратындар.

17. Темперамент, мінез және қабілет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет