Психология емтихан сұрақтары



бет3/6
Дата12.05.2023
өлшемі145,43 Kb.
#91926
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Психология емтихан сұрақтары 1-25

Эксперимент- психологиялық зерттеу әдісі, оның көмегімен жасанды ситуациялар жасап, адамның реакциясын байқауға болады. Бұл әдістің артықшылығы - дәл осы жерде зерттелетін құбылыстың себеп-салдарлық байланыстары қадағаланады, бұл не болып жатқанын ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Эксперименттің мынадай түрлері бар: зертханалық, табиғи.
Психологиялық зерттеулерде ең дәл нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірнеше психологиялық әдістер жиі қолданылады. Дегенмен, бірнеше әдістерді қолдану қиын немесе мүлде мүмкін емес жағдайлар болады, онда бұл жағдайға психологиялық зерттеудің ең қолайлы әдісі қолданылады.
6. Тұлға. Индивид. Даралық.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Даралық — түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.
7. Мотивтер және қажеттіліктер.
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш ,түрткі..
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік – рухани.
8. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.
Адам өмірінде эмоцияның маңызы өте зор, өйткені ең бастысы ол адамдарга қарым қатынас орнату үшін қажет. Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып келеді, ягни жағымды жағына көңілді, қуанышты және т.б.,ал жағымсыз жағына көңілсіз,мунды, қайғылы эмоциялар және ашулы, ызалылар жатады. Сонымен қатар эмоциялар адамның мимикасы арқылы сыртқа шығып,адамның ішкі жан дүниесін түсіндіреді.
9. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.
Эмоцияны түсіну дегеніміз, мысалы, адамдар кейде бір бірімен ымдасып немесе мимика арқылы сөйлеседі. Эмоцияны түсінудің өзі адамның ой қабілетінің жоғары екенін ұқтырады. Эмпатия тұлғааралық қатынас яғни, бұлда мимика және ыммен сөйлесу деген мағына. Эмпатия арқылы адамдармен тілдесе білуде шеберлік.
10. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу.
Адам өмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны аса маңызды.Психологияда эмоцияларды өзгертуге, отбасында, өнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді.
Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді деді.
А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни эмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы болып табылады.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді үсынған.Сонғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рөлінде зерттеді.
Түлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын көрсетіп, аффектімен күйлердің түлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік, саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең түрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
11 и 12. Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы
Ерік – іс – әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.
Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді. Профессор Л.Зайверт, уақытты рационалды қолдану неміс институтының жетекшісі көптеген менеджерлер келесілерді дұрыс көреді дейді:
*Дұрыс жұмыстар жасағанның орнына дұрыс жұмыс жасау;
*Шығармашылық альтернатива жасағанның орнына мәселелерді шешу;
*Қолданған құралдарды оптимизациялаудың орнына құралдарды жнақтау;
*Нәтижелерге қол жеткізгеннің орнына міндеттерді атқару;
*Пайданы арттырудың орнына шығындарды азайту.
Бұлардың барлығы — дұрыс шешім қабылдамаудың нәтижесі. Дұрыс шешім қабылдамау неге мүмкін болады? Және – осы сынды басқарудағы есептен жаңылыс ықтималдылығын қалай төмендетуга болады? Бұны түсіну үшін, адамдардың психологиялық ерешеліктеріне көңіл аудару керек, яғни осы әрекет қандай психологиялық ерекшеліктің арқасында жүзеге асты.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады және бір адамның ғана емес. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды. Бұл процесс қысқа уақыт аралығында басшыға көптеген әртүрлі бағыттағы шешімдерді қабылдауға тура келетінімен күрделенеді.
12.Шешім қабылдау және таңдау мәселесі
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға неізделген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға келісу және қарсы болу жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның һ-өз таңдауы деп біледі.
Пайымдауға негізделген шешім-бұл білімге немесе жинақталған тәжірбеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжау үшін пайдаланады.
Шешім қабылдау жұмысы аз дегенде үш негізгі құраушыдан тұрады:
Тұлғалық – нақты топтың қызығушылығын ескере отырып, шешім қабылдаушы басшының мақсаттары мен ұйым мақсатын салыстыру
Рәсімдік- нақты мәселелердің ағымды жағдайын анықтау, алда болатын өзгерістер дәрежесін анықтау, сонымен қатар олардың қарым – қатынасының үзілуін жеңіп шығатын іс-шара ұйымдастыру.
Технологиялық- нәтиже мен оның көрсеткішін анықтау, тәуекелге баруды болжау, ресурстарды іздеу және т.б.
13. Ерік және тұлға.
Ерік - бұл адамның мақсатты іс-әрекеттері мен істерін орындау барысында ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе білуінде көрінетін оның мінез-құлқы мен қызметін саналы түрде реттеу. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. «Мінезі бар адам», «мінезінің беріктігі» немесе «былжыр», «мінезсіз» деген тіркестерді естігенде, біз адамның бұл анықтамаларында мінездің ерік белгілері көрінетінін ескеруіміз керек. Еріктің міндеті - бұл біздің мінез-құлқымызды бақылау, біздің қызметімізді саналы түрде өзін-өзі реттеу. Ерік әрекеттері күрделілігімен ерекшеленеді. Адамдардың қимыл-әрекеттері екі топқа бөлінеді: еріксіз әрекеттер (түшкіру, жөтелу); ерікті әрекеттер - егер адам мақсатты айқын көріп, бірден іс-әрекетке көшсе, онда олар қарапайым ерікті әрекет туралы айтады.
14. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).
Сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу кезінде адам алдына қойылған мақсаттарға, қоршаған шындықтың жеке ерекшелікері мен жағдайларына, онымен қарым қатынас жасайтын адамдарыдың ерекшеліктеріне байланысты өз қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тәсілдерін таңдау жағдайымен үнемі кездеседі. Таңдау жағдайында белгісіздіктің төмендеуі тек реттеудің көмегімен мүмкін болады , ал психологиялық реттеу жағдайында адамның өзінің жағдайды зерттейтіні, өз қызметін өзі бағдарлайтыны , бақылап, түзететіндігі мағынасында өзін-өзі реттеу арқылы нәтижелерге жетеді.
15. Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері.
Стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет