Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


*Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс. *



бет3/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
*Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.
*Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
*Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
*Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
*Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
*Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
4.Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде. Психология адам өміріндегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Психология ғылымының теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы адам баласы өз өмірінің сценаристі, режиссері және актері ретінде дамуын, оның зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің мүмкіндігі артады. Алайда, қазіргі жаһандану заманындағы қоғамда адамдардың жан күйзелісін басу үшін ғылыми-әдіснамалық негізі жоқ, түрлі бақсы-балгерлік әдіс-тәсілдердің ықпалынан оңалмас зиян шегу жайттары да аз кездеспейді. Сондықтан психология ғана адам баласының тұлға, маман ретінде психологиялық сауаттануын қамтамасыз етіп, оның психологиялық құзіреттілікке жетуіне, психологиялық мәдениетті игеруіне ықпал етеді.Жалпы психология ғылымдар жүйесінде жас ғылыми сала болып табылады. Ал қазақстандық психология ғылымының негіздері өте ертедегі даналардың ұлағатты ойлары мен тағылымы мол еңбектерінен, қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі психологиялық мазмұннан бастау алғанмен, оның ғылым ретінде орнығып, қарқынды дамуына көп уақыт бола қойған жоқ. Психология өте көп ғылыми салалардан тұрады. ХХ-ғасырдың орта тұсында ресейлік танымал ғалым К.К. Платонов оның 100-ге тарта салаларын ажыратып, жіктеген еді. Одан бергі қаншама 7-8 онжылдықта бұл сан еселеп артқан шығар. Осы салалардың арасында педагогикалық психология ерекше орын алады. Себебі дәл осы педагогикалық психология саласындағы зерттеулерге байланысты Қазақстанда ғылыми психология пайда болып, қазір де қарқынды дамуда деуге болады. 5.Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру.
Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет