Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



бет4/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. 
Оң және теріс мотивацияАдам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Тұрақты және тұрақсыз мотивацияМотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.
Жекелік және топтық мотивацияЖекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.


6.Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив..
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.
Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік – рухани.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет