46. Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері, түрлері. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Конфликтінің түрлері. Авторлар конфликтінің негізгі үш түрін анықтауды ұсынады: тұлғаішілік, әлеуметтік және зооконфликтілер. Әлеуметтік конфликтілердің негізгі түрлеріне: тұлғааралық конфликтілерді, кіші, орта және үлкен әлеуметтік топтар арасындағы конфликтілерді, мемлекет арасындағы ұлтаралық конфликтілерді жатқызады.
47.Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы Мүдделердің обьективті конфликтісі. Аталмыш механизм Д.Кэмпбелл жасаған топтық конфликтінің реалистік теориясында анағұрлым толық сипатталған (1979). Бұл теорияның негізін төмендегі жағдайлар құрайды.
1.Әр түрлі топтар мүдделерінің конфликтісі топаралық конфликтіні туғызуы мүмкін.
2.Мүдделердің конфликтісі, сондай-ақ бұрынырақ орын алған топаралық конфликт топтың жекелеген мүшелерінің басқа топ тарапынан болатын қауіп -қатерді қабылдауына себепші болады.
3.Қауіп-қатер топтың жекелеген мүшелерінің қауіп-қатер көзіне өшпенділігін оятуға себепші болады.
4.Қауіп-қатер топ ішіндегі ынтымақтастыққа себепші болады.