Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



бет26/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Психология ылым ретінде. Адам туралы ылымдар ж йесіндегі психо

35.Көшбасшылық және жетекшілік. Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пенәлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. 
Басшы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдапотырады.
Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:
*ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
*топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
*егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады; *топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті. Лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет