Байланысты: Психология ғылым ретінде пайда болуы (пайда болу тарихы). Психол-emirsaba.org
24
Ақпараттық және эмоционалдық стресстің пайда болу шарттары. Стресстік жағдайлардан шығу жолдары.
25
Психикалық күйлерді «норма - патология» қатынасы тұрғысынан сипаттаңыз. Шекаралық күйлер дегеніміз не және олардың бейімделу ұғымымен байланысы қандай?
26
Невротикалық бұзылулар туралы не білесіз?
Невроз –жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларыныңбірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с.
Қорқыныш неврозы:Қорқыныш - кішкентай бала атаулыға тән нәрсе. Бала емусіздіктен, жазалау қаупінен, айқайдан қорқады. Мүны аурудың әдеттегі көрінісі деп емес, дені сау балалардың әдеттегі қорқынышы деп қабылдауымыз керек. Алайда баланы қорқыта беру, оған қоқан - лоқы көрсету бірте - бірте қорқынышты сипат алуы мүмкін. Бала бөгде адамдардан, қараңғыдан қорқа бастайды, бөлмеде жалғыз қала алмайды, басқа адамдар арасында үрейленеді. Қорқыныш күйі басылуы да немесе қайтадан өрлеу де мүмкін. Баланы қорқынышты күйден құтқару үшін үлкен адамдар оның таяныш -тірексіз еместігіне, жақсы қарым - қатынаста өмір сүретініне сенімін арттыруы керек.
Жабықтыратын жай- күй неврозы. Мектеп өміріне бейімделудің қиын кезеңінде, яғни бала оған шамадан тыс күш түсетін жағдайға тап болған кезде ол мазасыздың, бұл жағдай біртіндеп қорқыныштық жабдықтыратын жай -күйіне немесе сылбыр қозғалысқа ұласа бастайды. Қорқыныш жағдайында баланы қандай болмасын азапты ойлар билейді. Ол ғаламат күші бар белгілі бір рухтан, өлімнен, ақыр аяғында мұғалімге жауап бере алмай қалудан қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда егер одан жауап беру талап етілсе, ол өзінің жүрегі алқымына тірелгені, бұлшық еттерінің құрысып - тырысуынан тынысы тарылып, суық терге малшынғанын сезінер еді. Бала жауап беруден қорқады. Ол өзінің дене күйзелістерінен қорқады
Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, Қуық ұстамау неврозы
Тұтықпа сөйлеу Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бүзылуға жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы
Неврастения.Бұл топқа қажып шаршаудың, тамаққа тоймаудың, организмнің физикалық әлсіздігінің нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіреген балалар жатады Истериялық невроз. Сыртқы көрінісі бәрімізге белгілі: бала еркелейді, истерика жасайды, жерге қүлап, жерді ұрғылайды. Қалыпты жағдайды ерте жаста байқалатын патологиядан ажырату керек.