Психология кафедрасы



бет9/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы (4)

Адамньщ психикалық дамуындагы мәселелерді зерттеудегі
адекватты әдіс проблемасы.

Л.С.Выготский психикалық көріністерді зерттейтін жаңа
эксперименттік-генетикалық әдісті құрастырды. "Қозғалысты
зерттеу тарихи бір нәрсені зерттеу болып табылады. Бұл
диалектикалық әдістің басты талабы". Кемелденіп, қалыптасқан
оқытушы эксперимент зерттеуде генетикалы - моделденген
зерттеу әдісі деген атқа ие болды. Эксперименттік-генетикалық
әдіс психологиядағы тарихи принципті жүзеге асырады.
Оқу және даму мәселесі. Алғашқыда бұл мәселені
Л.С.Выготский адамның санасы және жоғаргы психикалық функциясы дамуымен бірлекте қарастырды. Л.С.Выготский бойынша, адам дамуында сананың пайда болуы ең маңызды болып табылады. Адам санасы жеке психикалық функцияларға бөлінбейді. Сана жүйелі құрылымнан тұрады. Ешбір психикалық функция жеке дамымайды. Л.С.Выготский пікірінше, сөйлеу арқылы адам санасы дамиды. 1931-1934 ж. Л.С.Выготский оқу және ақыл-ойдың даму мәселесін эксперименталды зерттеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері оқу және даму проблемаларын түсінуде жаңа деңгейге көтерілуге жағдай жасады. Оқу дегеніміз даму емес. Оқытудың барлығы да дамудың қозғаушы күші бола алмайды. Кей жағдайларда оқыту керсінше дамуды тежеп немесе керсінше, тіпті даму тоқтап қалуы да мүмкін. Оқу аяқталған үрдіске енуі үшін ол баланың даму деңгейінің аяқталган кезеңіне емес, баланың жақын арадағы даму аймағына сүйене отыра жүргізілуі керек. Л.С.Выготскиийдің айқындауынша, жақын даму аймағы өзекті ақыл-ой дамуы мен дамудың мүмкін деңгейінің арасындағы арақашықтықты көрсетеді. Өзекті даму деңгейі дегеніміз - баланың өз бетімен қиындықты шеше алу деңгейі. Ересек адамның көмегі арқылы шешімін тапқан қиындық деңгейі потенциалды деңгей деп аталады.
Л.С. Выготский: «Оқу дамудың алдында жүрген кезде ғана жақсы», «Педагогика бала дамуының бүгінгі күніне емес, ертенгі күніне бағдарлану керек», «Оқытудағы бір қадам, дамудағы жүз қадам дегенді білдіреді». - деген.
Ж. Пиаже француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсақ та, оқытпасақ та оның психикасының дамуына ықпал ете алмаймыз деген. Бала спонтанды, табиғи түрде дамиды. Оның белгілі бір психикалық құрылымдарының дамып-жетілуін күтуіміз керек, сосын барып әр түрлі ғылымдар негіздерін оқытуға болады дейді. Бұл пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж. Пиажені сынға алушылардың саны көбейе бастады, солардың бірі Л.С. Выготский болды. Ол Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай оны дамыту үшін, алдымен, оны оқыту керек деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту бала дамуын тездетеді. «Егер баланы ақылды етемін десеңдер, оқыту тәсілдерін баланың даму дәрежесіне сай қолайлы жолмен дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ақыл-ой өрісін алға қарай суйрейтін болады», - деді. Л.С. Выготскийдің бұл тұжырымын ескере отырып, Занков өз теориясында әр сабақта тапсырмалардың белгілі бір қиындық деңгейінің болуы қажет деген идеясын ұсынады. Оның пікірінше сонда ғана біз бала психикасын жетілдіріп, дамытамыз.
Ерте жас кезенінде адам санасында - қабылдау, мектепке дейінгі кезенде - ес, мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал басқа психикалық үрдістер осы кезендердің барлыгында дамиды.
Л.С. Выготский оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын балага тәрбие беруде психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.
Л.С. Выготский келесі жас кезеңдерін құрды:
- жаңа туган нәрестенің туылу дағдарысы;
- сәбилік жас (2 ай -1 жас);
- 1 жастағы дағдарыс;
- ерте балалық шақ (1-3 жас);
- 3 жастағы дағдарыс;
- мектепке дейінгі жас (3-7 жас);
- 7 жастағы дағдарыс;
- мектеп жасы (8- 12 жас);
- 13 жастағы дағдарыс;
- пубертаттық кезең (14-17 жас);
- 17 жастағы дағдарыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет