Психология кафедрасы


Әлеуметтендірілген сөйлеу



бет6/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы (4)

Әлеуметтендірілген сөйлеу — қарым-қатынас партнерінің жауап беруіне қызығушылық танытумен сипатталады. Оның функциясы -әңгімелесушіге әсер ету. Әлеуметтендірілген сөйлеудің категориялары ақпарат, сын, бұйрық, сұрау, қорқыту, сұрақ қою, жауап беру.

2. Эгоцентрлік сөйлеу формасы бойынша әр түрлі болады: қайталау (эхолалиялар) монолог, бұл жерде айта кететін жәйт: бала өз ойындағысын айтады. Оны біреу тыңдап тұр ма, жоқ па, оны кызықтырмайды. Эгоцентрлік сөйлеудің функциясы – экспрессиялық, яғни іштегіні сыртқа шығару, сөйлеуден рахат алу, әрекеттерді сөз арқылы сүйемелдеу және ритмизациялау.
Баланың еркін сөйлеуіндегі эгоцентрлік сөйлеудің мөлшерін анықтау нәтижесінде, Пиаже әсіресе ерте балалық шақта балалардың эгоцентрлік сөйлеу коэффициенті максималды болатынын -75 % атап көрсеткен. Тек 7-8 жасқа таман бала эго-центрлік сөйлеуден арылып, басқа адамның позициясында бола алу, пікір алмасу дәрежесіне жететінін айтқан.
ІІиаже бала ойлауының өзіндік ерекшеліктерін тек бақылау және интеллектуалдық тесттер арқылы анықтау мүмкін емес деген корытындыға келіп, жаңа әдіс – клиникалық әдіс (клиникалық әңгімелесу) әдісін шығарды.
Клиникалық әңгімелесу әдісі — бұл баламен ешбір шектелген стандартталган сұрақтарсыз сөйлесу.
Экспериментатор және бала қарым-қатынасының мазмұны табиғи құбылыстарға, түстерге, әлеуметтік адамгершіліктік нормаларға және т.б. байланысты болды. Көбінесе балалардың үлкендердің өзіне қоятын сұрақтарынан тұрды. Мысалы: «Аспанда күн қайдан шықты? Неге күн құламайды? Қалай ол ұсталынып тұр? Неге күн сәуле шашады? Қайдан жел пайда болады? Ол неден? Адамдар қалай түс көреді?».
Сонымен қатар, Пиаже ойлаудың аралық формасы - эго- центрлік ойлау болатыны жөніндегі болжам құрды. Эгоцентрлік ойлау сәбилік аутизмнен ересек адамның әлеуметтендірілген ойлауына ауысуды қамтамасыз етеді. Бала ойлауының ерекшелігі ретінде эгоцентризм қоршаған дүниеге өз жеке, тікелей, фрагментарлы көзқарасы тұрғысын келуден, басқа адамның көзқарасын ескермеуден көрініс табады.
Пиаже эгоцентризмді бала ойлауының барлық басқа ерекшеліктерінің түп-тамыры деп қарастырды. Эгоцентризм тікеле көрінбейді, ол тек басқа феномендер арқылы көрініс табады.
Олардың ішінде бала ойлауының басым тенденциялары: аутизм, реализм, артификализм.
Белгілі бір даму деңгейінде бала заттарды көбінесе өзінің тікелей қабылдауы көрсеткендей етіп көреді, яғни ол заттарды
ішкі байланыстарын көрмейді. Мысалы, бала далада қыдырып жүргенде, ай оның ізінен қалмай жүр деп ойлайды. Пиаже бұл көріністі реализм деп атады. Бала өзінің қабылдауын шындық деп санайды. Бала өз «менің» қоршаған ортадан айыра алмайды. «Реализм» екі типте болады: интеллектуалды және моральдық. Мысалы, интеллектуалды реализмде бала тал бұтақтары жел әсерін жасайды деп ойлайды. Моральды реализм бала өзінің қылығында ішкі ниетгі ескермейді, ал әрекетті сыртқы эффектісі
бойынша бағалайды. Мысалы кім көп кесе сындырды сол кінәлі.
Адам оларды байқаусызда, біреуге көмектесіп жүріп, түсіріп алды ма, ал басқасы әдейі ашуланғаннан соны жасады ма дегендерді әділ шеше алмайды.
Патиципациялар-яғни бала бір-біріне қатыссыз затты бір-бірімен байланыстырьш ойлауы мүмкін. Мысалы, «ай неге дөңгелек» деген сұраққа «өйткені ол сары» деп жауап береді. Түрі мен формасы бір-бірімен байланысты деп ойлайды.
Анимизм заттарды жаны бар деп қабылдау. Әсіресе қозғалыстағы заттар - күн, ай, өзен, автомобильге сана мен өмір, сезім тән деп ойлайды.
Артификализм - табиғи құбылыстарды адам іс-әрекетімен
ұқсас қарастыру. Мысалы, бала бұлтты моторы болған соң жыл-
жиды деп ойлайды. Әлемде бар заттың бәрі адам үшін жаралған.
Күн адамдарға сәуле төгу үшін, өзен қайықтар жүзу үшін жаратылған дейді.
Бала логикасының ерекшеліктерін ол былай бөліп көрсеткен:
- синкретизм (бала түсініктерінің глобалды схемалылығы
және субъективтілігі; барлыгын бәрімен байланыстыру; бөлшек,
себеп пен салдарларды бірдей карау);

  • трансдукция (жалпыны айналып етіп, жекеден жекеге өту);

  • синтездеуге және байланыстыруға қабілетсіздік (пікірлер арасында байланыстың болмауы);

  • қарама-қайшылықты түсінбеу;

  • өзін-өзі бақылауға қабілетсіздік:

  • саналаудың киындығы;

  • тәжірибе үшін сезімталсыздық (бала сыртқы әсерлерден, тәрбиеден шеттетілмегенімен, олар онымен ассимиляцияланады және диформацияланады).

Біртіндеп дифференциация жолымен ішкі әлем бөліне бастайды және сыртпен қарама-қарсы қойылады.
Пиаже бапаның танымдық іс-әрекетініц механизмдерін зерттеді. Интеллектінің жетілуі - баланың психикалық дамуының негізгі қазығы. Одан басқа психикалық функциялардың дамуы тәуелді болады деген.
Ғылымның негізгі мәселесі - бір әрекет формасынан басқасына өтуі; қарапайым ақыл-ой әрекеті құрылымынан күрделіге өтуі; бала мен үлкен адам арасындағы психикалық өмірдің ұқсастығын зерттеу. Пиаже генетикалық эпистемологияны құру негізінде генетикалық психологияны жасады. Пиаже бұл мәселені шешу үшін таным процесіндегі субъект пен объект арасындағы қатынасты талдады. Объект, субъектіні тану үшін олармен әрекет жасау керек, сондықтан оларды тасымалдау керек:ауыстыру, алмастыру, жою және тағы басқа. Барлық даму кезеңінде танымның әрекеттермен, яғни трансформациялармен байланысы болады. Трансформация идеясы - Пиаже тұжырымының бірінші негізгі идеясы. Одан объект пен субъект арасындағы шекара басынан бастап орнатылмаған екенін көруге болады. Тәжірибесіз, талдау құралдарсыз субьектіге не жататынын объектіге не жататынын, әрекетке не жататынын түсіне алмаймыз. Білім көзі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуінде.Субъект объектіні тереңірек тануға қабілетті, сол себептен объективтілікке қабілетті бола алады. Объективтілік балаға туғаннан берілмеген.
Пиаже тұжырымдамасының екінші орталық идеясы – конструкция. Объективті білім әрдайым анықталған әрекет кұрылымына бағынады. Бұл құрылым - конструкция нәтижесі: олар әрекеттерге тәуелді болғандықтан объектілермен берілмеген. Бала әр түрлі затты трансформациялау арқылы оныц құрылымы туралы ақпарат алады. Балада осыган байланысты сол зат туралы конструкция қалыптасады. Әр заттың жаңа трансформациясы бала біліміне ол туралы жаңа нәрсе әкеледі; нәтижесінде тереңірек объективті жаңа конструкция туады.
Пиаже бойынша субъект - бұл тұқымқуалаушылықпен берілген үйренуге деген белсенділік қызметі бар тірі ағза. Ол белсенділік арқылы қоршаған ортаны құрылымдайды. Интеллект әрекеттің өзін көрсетеді. Субъект әрекетіне сипаттама бере отырып, оның құрылымдық және функционалдық қасиетін бөліп көрсетуге болады. Функция - бұл биологиялық агзаға тән қоршаған ортамен қарым-қатынас қабілеті. Субъектіге екі негізгі функция тән: ұйымдасу және бейімделу. Әрбір тәртіп актісі ұйымдасқан, яғни өзінің нақты құрылымы болады, оның динами- калық аспектісі бейімделуді құрады, ол өз кезегінде ассимиляция және аккомодацияның тепе-теңдігі процесінен тұрады.
Пиаже тұжырымдамасында әрекет схемасы ұғымы - бұл сенсомоторлық эквивалент түсінігі. Бұл бапаға әрекетті әр түрлі объектілерге тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Ең бірінші бала өз тәжірибесін өткізеді: ол көзімен бақылайды, басын бұрады, қолымен зерттейді, аузына салады, тағы басқа. Бүкіл алынған тәжірибе әрекет схемасында бейнеленеді. Әрекет схемасы - бұл әр түрлі жағдайда бірнеше қайталау нәтижесінде есте сақталатын әрекеттер (мысалы допты кресло астынан алу үшін шаңгы таяқшасы, сыпырғышты қолдану). Құрылым - өзін-өзі реттейтін жүйе. Жаңа сапалы құрылым қимыл негізінде қалыпасады.
Пиаже пікірінше, кез-келген адамның интеллектісі - тіршілік ету ортасына бейімделудің бір формасы. Кез-келген тірі организмнің қоршаган ортамен үйлесімді өзара қатынас (тепе-теңдік) орнатуға деген ішкі қажеттілігі болады. Орта әсері оны тепе-теңдіктен шығарады. Қайтадан тепе-теңдікке (бейімделуге) жету үшін организм тепе-теңсіздікті компенсациялау үшін үнемі белсенділікте болуы кажет.
Танымдық адаптация үрдісі екі қарама-қарсы бағытталған үрдістерден - ассимиляция және аккомодациядан тұрады. Алайда бұлар мінез-құлықтың өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын тенденциялары болып табылады.
Ассимиляция тамакты қорыту сияқты: проблемалық жағдаятты өзінде бар әрекет схемалары және когнитивті схемалар арқылы жүзеге асады. Мысалы: оқу барысында ақпаратты ассимиляциялау жүзеге асады. «Жармасып ұстау" әрекет схемасын қолдану арқылы бала кез-келген затты ұстай алады. Ассимиляция танымдық құрылымдардың тұрақтылығын, сақталуын қамтамасыз етеді. Кейбір трансформацияға проблемалық жағдаятты өзі немесе жаңа объект ұшырайды.
Аккомодация - бұл әрекет схемаларының жаңа жағдаятқа, жаңа тапсырмаға қатысты өзгеруі. Бала оған парақ қағазды немесе допты ұсынуға баланысты өз қолдары мен саусақтарын дайындайды (яғни бұл жерде жармасып ұстау схемасы өзгертіліп, аккомодацияға ұшырады).
Ассимиляция мен аккомодация тенденцияларының тепе- теңдікке келуі едәуір тиімді адаптацияға әкеледі. Бірақ бұл күй уақытша ғана болады. Себебі ол тез тепе-теңдіктің бұзылуымен ауысады.
Кең мағынада, әрекет схемасы - ақыл-ой дамуының белгілі бір кезеңіндегі құрылым. Дамудың белгілі бір кезеңінде әрекеттің жалпыланған схемалары операцияларға айналады. Сондықтан Пиаже тұжырымдамасы операционалдық тұжырымдама деп аталады.
Операциялар - бұл жүйеге біріктіріліп, қайтарымды болатын интериоризацияланған (ішке ауысқан) заттық әрекеттер.
ІІсихика дамуы - басым интеллектуалдық құрылымдардың ауысуы.
Онтогенетикалық даму барысында негізгі функциялар (адаптация, ассимиляция, аккомодация) динамикалық үрдіс сияқты өзгермейді, тұқымқуалаушылықпен бекітілген, тәжірибе және мазмұнға байланысты емес. Функцияға қарағанда айырмашылығы, құрылым әр даму кезеңінде, өмір процесінде қалыптасады, ол мазмұны мен тәжірибеге, сапалы ерекшелігіне байланысты болады. Мұндай функция мен құрылым арасындагы қатынас үзбеушілікті туғызады, әр жастық сатысында оның сапалык ерекшелігі болады.
ІІиаже тұжырымдамасында объект - бұл манипуляция жасау үшін материал, қимыл үшін «қорек» қана. Пиаже айтуынша адам тек қоршаған ортадагы затты үйренеді. Шындықты тану; әрқашан үстем болатын сана құрылымына байланысты.
Басқаша айтқанда, ойлау - интериоризацияланған трана формация (ішкі жоспарға келуі).
Ж. Пиаженің барлық еңбектеріндегі-негізгі идея - интеллектуалды операциялар біртұтас құрылым формасында жүзеге асатындығы. Бұл құрылым тепе-теңдік арқылы қалыптасады. Интеллектуалды дамуды психикалық даму кезеңі деп қарастыруға болады.
Пиаженің негізгі бір жетістігі - баланың эгоцентризмін ашуы. Эгоцентризм - бұл ерекше ойлау орталығы, ақылдың жабық позициясы. Әлем туралы баланың озіндік балалық логикасы, сөйлеу тілі - эгоцентрлік ақыл-ой позициясының салдары.
Баланың ерте дамуы сатысында интеллектуалды дамуына байланысты обьектілер ауыр және жеңіл болып қабылдануы мүмкін. Пиаже тәжірибелері көрсеткендей, балалар үлкен заттарды ауыр деп, кішкентай заттарды жеңіл деп есептейді.
Баланың ойы үшінші бағытта да дамиды - реализмнен релятивизмге. Ең басында балшіар абсолютті субстанцияның және абсолютті сапаның бар екеніне сенеді. Кейіннен көріністің бір- бірімен байланысты екенін ашады. Бала әрбір қозғалатын затта мотор бар деп ойлайды.
Сонымен, обьект мен субьектіні айыра алмайтын бала ойлауы өзіне шынайы, обьект мен субьектінің бөлінуі баланың өзіндік эгоцентризмдік тәжірибесімен жүзеге асады. Пиаже белгілі-бір жасқа келгенше бала басқа адамның көзқарасына түра алмайтындығын көптеген тәжірибелер арқылы зерттеп, дәлелдеген. Баланың эгоцентризмдік позициясын макеттегі үш тал туралы эксперимент жақсы көрсетеді. Макеттегі таулардың ұзындығы әртүрлі, оның әрқайсысы өзіндік өзгешелігі болады - үй, өзен, тау басындағы қар. Тәжірибеші баланы макетке қарама-қарсы отырғызады. Таудың үш түрлі көрінісі салынған суретті берген. Сыналушы баладан көп суреттердің ішінен тауды өзі қалай көріп түрғандай дәл сондай суретті тандап алсын деген. Бала көріністерді дүрыс таңдай алған. Осыдан кейін, макеттің жанына қуыршақ қойылған. Енді баладан қуыршақ не көрді дегенде, ол өзіне таулар қалай көрінді, тура соны айтқан. Бұл баланың басқаның позициясында бола алмаудан көрінетін оның эгоцентризмінің бар болуын білдіреді. Сыртқы эгоцентризм эгоцентрлік сейлеуде көріне бастайды. Мұндай сөйлеу 3-7 жас аралығында көрінеді, ол үш жылда көтеріледі де, кейін эгоцентрлік сөйлеудің пайызы азаяды.
Балалық шақтағы эгоцентрлік сөйлеу ауыспалы, жоспарлаушы функцияны атқарады. Белгілі мақсатқа жеткізетін сөйлеу арқылы бала өз іс-әрекетін дұрыс атқаратын болады. Біртіндеп эгоцентлік сөйлеу «оралып», ішкі жоспарға айналады да, ішкі сөйлеуге ауысады.
Пиаже ойынша, балалар бастауыш жаста айтқан сөздерін қадағалай алмайды, не айтқысы келеді соны айтады. 7-9 жаста өмірге көзқарасы өзгереді, Ол басқалардың көзқарасымен санаса біледі. Оның қызметі эгоцентрнзмнен децентрацияға өзгереді, яғни ол барлығын расында өмірді қалай болса, солай қабылдайды.
Эгоцентристік позициядағы бала ақылы келесі көріністе болады. Мысалы, егер салмағы мен ұзындығы бірдей екі пластикалық шарды жалпитып тастаса, пластилин көп болады. Пластилин шарикке қарағанда, ұзындығы жағынан көп болып көрінеді. 7-9 жас аралығындагы балаларға операция жетпейді. Ойды айландыру әрекеті және ойды қайта жаңғыру пластилиндік шарик блиннан бұл алғашқы формасы эгоцентризмді меңгеру үшін екі жағдай. 1) Сезіну өзінің кім екенін, субьективті түрде субьектіні обьектіден айыру. 2) Өзінің көзқарасын басқалармен байланыстыру. Пиаже көзқарасы бойынша әлеуметтік қарым-қатынас екі типке бөлінеді: қатынас қажеттілігі және қатынас кооперациясы. Балалар арасындағы әлеуметтік қатынас сипатында жүреді.
Пиаже бойынша, әлеуметтену - әлеуметтік ортаға бейімделу үрдісі, баланың белгілі бір даму деңгейіне жетуіне, басқа адамдармен өзара әрекет пен өзара қатынас орната білу қабілеті,өзінің көзқарасын басқа адамдардың қөзқарасымен салыстыра отыру.
ІІиаже болжамдары оны интелектуалды дамудың сатыларын бөліп шығаруға әкелді. Ж. Пиаже бойынша интеллект дамуының кезеңдері мен сатылары:

  1. Сснсомоторлы интеллект (туғаннан 1,5 жасқа дейін).

II. Нақты-операциялық (репрезентативті) интеллект (1,5-2 жастан 11 жасқа дейін).
III. Формалды-операционалды интеллект (11-12-ден 14-11 жасқа дейін)
Сонымен, Пиаже бойынша, интеллектінің даму үрдісі үлкен үш кезеңнен тұрады. Бірінші олардың сенсомоторлық құрылым бекітіледі, жүйе бар, сосын операцияның нақты құрылымы туындайды. Бұл әрекет жүйесі ақылда орындалады, одан кейі формальды операция құрылады. Бұл кезеңде логика формальды болады.
Даму - Пиаже бойынша бұл төменгі сатыдан жоғарыга көтерілу кезеңі. Алдындағы саты келесіні дайындайды. Дамуда жай қатыстырулар болмайды төменнен жоғары интеграция құрылымының ерте құрылғандығы. Алдыңгы сатысы жогары деңгейге қарайды. Сатылар тәртібі өзгермейді.
Тепе-тендік құрылымы пайда болатын жас шамасы физикалық және әлеуметтік ортасына байланысты өзгермелі болу мүмкін. Еркін қарым-қатынас және дискуссия жағдайында логикага дейінгі құрылымдар тез түрде рационалды құрылымға өзгеруі мүмкін, бірақ та олар беделдіге негізделген қарым-қатынастарда көп уақыт бойы сақталады.
Сатылар ашылуының ұзақтығы немесе жылдамдық мәселеі әлі де пікір-талас тудырады. Пиаженің ойы бойынша, әрбі субьект үшін бір сатыдан екінші сатыға өту жылдамдығы оптимумға сәйкес келеді - тым жылдам емес, тым баяу емес. Жаңа құрылымның құрылуы іс-әрекеттің әр түрлі схемалар байланысының дамуына бағынышты, олар әп сәтте орнатылмайды, уақытта шексіз созылмайды.
Негізінен субьекті өзінің танымдық құрылымдарын сезінбейді, ол тек оларды қолданады.
Пиаже мысалы ретінде сериация операцияларының орындалуын талдады. Сериация операциясы - тұрақтандыру, мысалы таяқшалардың ең бастауыш қысқасынан бастап ең ұзынын дейін балаларда бұл операция біртіндеп құрылады. Басын; «кішкентай эспериментаторлар» таяқшалардың ұзындықтар бірдей деп айтады. Кейін олар таяқшаларды үлкен-бастауыш бөледі. Кейін балалар үлкен, орташа және кішкентай таяқшала туралы айта-ды. Кейінірек бала серияны эмпирикалық түрде қайта жөндеп құрады, яғни қателесу-сынақ жолы арқылы шешімдерді табады, бірақ ол бірден қатесіз оның әрекет жасай алмайды. Сонымен бала серия құрастырылу әдісін ашады. Ол ең үлкен таяқшаны таңдайды және оны үстел үстіне қояды одан кейін қалғандарының ішінен ең үлкенін таңдайды. Ол кұрылым мысалы: бала обьекттер арасында асимметриялық қатынастар орнатады. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, балалар дедуктивті әдісті қолдана алмайы, сондықтан транзитивтілік қатынасты түсіне алмайды. Олар: «мен білмеймен таяқшаларды бір бірінің қасында көрген жоқпын маған барлығын бірге көру керек» деп жауап береді. Ересек балалар үшін дедуктивті әдісті қолданатын транзитивтілі әдіс көрініп тұрады. Пиаже айтуынша белгілі уақыт аралығында оқиғаның қажеттілігі пайда болған жоқ не ол кездейсоқ болды; енді ол қажетті болды. Пиаже бойынша оқиғаны қажетсіну сезімі-құрылым құрушы кезінде пайда болды. Пиаже қажетсіну сезімі жалпы құрылымдар бар екендігінің куәсі және олар интеллекттің берілген сатысын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет