Өмірлік циклдің әрбір кезеңінде қоғаммен анықталатын мәселе тән. Бұл мәселені шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейіне, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындагы динамикалық катынастарды бекітуге негізделеді. Тұлға дамуын - дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі. Мысалы, егер де бірінші деңгейде балада қоршаган әлемге деген сенімсіздігі қалыптасса, онда мектеп жасында мұғалімдердің әсерімен ол бала сенім жағына қарай тандау жасай алады. Әрбір деңгейде қол жеткізген тепе- теңдігі Эго-сәйкестіліктің жаңа түрін белгілейді және субъектінің кеңірек әлеуметгік ортаға қосылуына мүмкіндік ашады. Эго-сәйкестіліктің бір формасына өту сәйкестіліктің дағдарысын тудырады. Оны Э.Әриксон «бұрылу пункттары», «прогресс пен регресс», «интеграция мен тоқтап қалудың арасындағы таңдау мезеті» деп атаған». Бірінші дегейінде (оральды-сенсорлық) Эго-сәйкестілік бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, жалпы қысым, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс оңайырақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас бірін- ші жаққа қарай құрылса. Бұл
қатынас балаға деген қамқорлықтың, оған деген махаббат-мейірімділіктің болуымен анықталады.
Екінші деңгей (бұпшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәйкес келеді. Ол кезде баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре басайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бірақ та нығайып келе жатқан дербестілік, өзінділік сезімі дүниеге деген қалыптасқан сенімділікті үзбеу керек. Бұл деңгейде ляззат алу аймагы ануспен байланысты. Қоғам баланы тазалыққа үйретуге ерекше мән бере отырып, оны өз жаңа автономдық «Менін» көрсетуге итермелейді. Бала қылықтары әлеуметпен қабылданбауынан өз қателеріне деген ұят, мүмкіндіктеріне деген қобалжу сезімдері қалыптасады. Тәуелсіздік сезімінің ұялу мен қобалжуга қарсы күресі басқа адамдармен бірі- жұмыс істей алуы мен өз айтқанында тұру қабілетінің ара қатынасты орнатуға әкеледі. Бұл кезде дербестілік сезімі арта түседі. Осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Ата-аналар жағынан бақылау баланың – талап ету, иемдену және құрту сияқты - күнделікті өсетін қалауларының шектелуі арқылы ол өзінің жаңа мүмкіндіктерінің күшін тексергендей дербестік сезімін сақтауға тырысады.
Үшінші деңгей (локомоторлы-гениталды) бала қоршаган әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірлескен үрдісте адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай рөлінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және |белсенділігінің дамуына әсер етеді. Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді және бала ер адам мен әйел адамның мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.
Төртінші деңгей (латентті) инфантильді сексуальдылықтың жасырын болуымен сипатталады. Бұл деңгейде балаларың еңбекқорлығы, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттіліктері артады. Бала энергиясы мәдениетті (оқу, үйірмелер және т.б.), адамдар арасындағы қатынасты меңгеруге бағытталады. Еңбек және әлеуметтік тәжірибе негіздерін меңгеру балаға қоршаған адамдардың мойындауын және құзырлылық сезімін алуға мүмкіндік береді. Егер де жетістіктері аса үлкен болмаса, онда ішла өзінің қабілетсіздігін, епсіздігін қатты уайымдайды. Құзырлылық сезімінің орнына кемістік сезімдері пайда болады.
Бесінші деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго-сәйкестіліктің бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жеткіншектік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері айта тұрады. Жеткіншек енді барлық ескі мәселелерге саналы түрде және қоғам мен өзіне таңдаудың дәл осы кезде маңызды екендігіне ішкі сеніммен қайта шешуге тырысады. Сонда әлемге, дүниеге әлеуметтік сенім, тәуелсіздік жекедаралық меңгерілген заттар тұлғаның жаңа тұтастығын қалыптастырады.
Эго-сәйкестіліктің қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейіне өтуіне мүмкіндік береді. Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, бас-қалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топ мүшелерімен жақын достык қатынастарға ұмтылу. Жас адам енді өзінің «Менін» жоғалтуға қорықпайды. Э. Эриксон жазғандай алдыңғы деңгейдің жетістіктері оған «тілекпен және дайындықпен өз сәйкестілігіңді басқалармен араластыруға» мүмкіндік береді.
Бұл деңгейдің қауіпті жағы - жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу. Э. Эриксонның айтуынша, бұндай бұзылыстар қиын «мінез проблемасына», психопатологияға әкелуі мүмкін. Егер де психикалық мораторий бұл деңгейде де жалғаса берсе, онда жақындасу сезімінің орнына өзінің ішкі әлеміне, өзінің «территориясына» ешкімді жібермей, дистанция сақтауға ұмтылады. Бұл ұмтылыстардың тұлғалық қасиеттерге - жалғыздық және оқшаулану сезіміне айналу қауіп бар. Сәйкестенудің бұл жағымсыз жақтарын жеңуге махабба
сезімі көмектеседі.
Жетінші деңгей адамның өмірлік жолындағы ересектік кезеңнің орталығы ретінде қарастырылады. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуы барлық өмір бойы жалғаса береді. Тұлға дамуы өзінің басқа адамдарға қажет екендігінің субъективті сезімдерін растайтын айналадағы балалардың әсері негізінде жалғаса береді. Бұл деңгейдегі тұлғаның басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпактың жалғасуы шыгармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және мұның өзі тұлғаның
баюына әкеледі. Керісінше, егер де дамуда жағымсыз жағдай
туындаганда өз-өзіне көп көңіл бөле бастаушылық көрініс береді де ол тоқырауға әкеледі. Бұндай адамдар жиі өздерін өзінің
жеке, жалғыз баласы сияқты қарастырады. Егер де бұндай
тенденцияға жағдайлар жағымды болып келсе, онда тұлғаның
физикалық және психологиялық инвалидизациясы басталады.
Өмірлік жолдыңсегізінші деңгейі Эго-сәйкестіліктің жаңа
аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталады. Дамудың
бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды. Өткенге көз
жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді. Балаларда
шығармашылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабылдана-
ды және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э. Эриксон бұны
өлім алдындагы өмірге қызығушылықтыц шетте қалуы деген.
Керісінше, мұндай тұлғалық интеграцияның жоқ болуы өлім қорқынышына әкеледі. Өмірді қайтадан бастауға аз уақыт қалғандығын түсіну адам үмітін үзеді.
Эпигенез барысындағы оң және теріс тенденциялардың күресу нәтижесінде тұлғаныңның негізгі «рақымшылдықтары» қалыптасады. Позитивті сезімдер әр уақытта да жағымсыздарға қарсы қойылатындықтан, «рақымшылдықтар» да екі полюсті болып келеді. Міне солай базалық сенім базалық сенімсіздікке қарсыласудан ҮМІТ-АЛШАҚТАНУ туындайды; автономдылық қобалжу мен ұятқа қарсы ЕРІК-ИМПУЛЬСИВТІЛІК туындайды; инициативтілік кінәға қарсы МАҚСАТТЫЛЫҚ-АПАТИЯ; еңбекқорлық өзінің толымсыздық сезіміне қарсы КОМПЕТЕНТТІЛІК- ИНЕРЦИЯ; сәйкестілік сәйкестілік диффузиясына қарсы АДАЛДЫҚ-КЕТУ; жақындық жалғыздыққа қарсы МАХАББАТ ТҰЙЫҚТЫҚ; ұрпақ санын көбейту өз-өзіне кетуге қарсы ҚАМҚОРЛЫҚ - БАС ТАРТУ; эго - интеграция өмірге деген қыгушылықтқа қарсы АҚЫЛ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ – ЖЕК КӨРІНІШТІК туындайды.
Э. Эриксон тұжырымдамасы тұлға өмірінің эпигенетикалық тұжырымдамасы деп аталады. Әдетте, эпигенетикалық припцип эмбриондық дамуды зерттеу кезінде қолданылады. Бұп принцип бойынша, өсетіннің бәрінде жалпы жоспар бар. Осы жалпы жоспарға негізделіп жеке бөліктер дамиды. Сонымен қатар олардың әр біреуінде даму үшін қолайлы кезендері бар. Бұл барлық бөліктер дамып, функционалды тұтастықты қалыптастырғанша болады. Эпигенетикалық тұжырымдама жаңа құрылымдар мен формалардың пайда болуында сыртқы факторлар рөлін бөліп көрсетіп, сол арқылы ілімдердің преформистикасына қарсы шығады. Э. Эриксонның көзқарасы бойынша, деңгейлердің кезектесуі - биологиялық жетілудің нәтижесі, бірақ та даму мазмұны адамнан ол қатынасатын қоғамның мүшелері нені күтетіндігімен анықталады. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның мәдени ортасына қарамастан, бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтыгына байланысты.
Жастық шақ пен жеткіншек жас арасындағы интервалды Э.Эриксон психоәлеуметтік мораторий деп атады. Бұл уақыт жас адамның байқау және қателесу әдісі арқылы өмірде оз орнын табуға ұмтылуы. Э. Эриксон психологияға ритуализация ұғымын енгізді. Әрекеттегі ритуализация - екі және одан да көп адамдардыц арасындағы түсініктің қалыптасуы. Эриксон тұжырымдамасы тұлғаның өмірлік жолының эпигенетикалық тұжырымдамасы деп аталады. Мұнда барлық дамудың жалпы
жоспары болады. Эриксон стадиясының кезекпен жүруі бұл
биологиялық жетілудің нәтижесі, ал дамудың мазмұны қоғамның адамға талап етуімен анықталады. Э. Әриксон өзіні жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оны айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана.
Ж. Пнаже бойынша интеллектінің операционалды
теориясы Ж. Пиаже - әйгілі швейцар және француз ғалымы. Ол Женевада балалар ақыл-ойының дамуын зерттейтін генетикалы психология мектебін құрды. Осы ғылымның объектісі - интеллектінің шығу тегі. Пиаже осы ғылым шеңберінде бала логикасының ерекшеліктерін; бала интеллектісінің пайда болуы мен дамуын; іргелі физикалық және математикалық ұғымдардың
(объект, кеңістік, уақыт, себеп, кездейсоқтық) қалыптасуының
тәсілдері мен формаларын; баланың табиғи құбылысты түсінуін;
таным үрдісіндегі қабылдау, ес, қиял, ойын, еліктеушілік, сөйлеудің дамуын зерттеді.
Л.С. Выготский Пиаженің алғашқы еңбектері жөнінде
жазған пікірлерінде былай деген: «Ж. Пиаженің зерттеулері бала
сөйлеуі мен ойлауы, логикасы мен дүниетанымы жөніндегі ілімнің дамуында үлкен бір дәуірді бастады. Бұл зерттеулер тарихи
мәнге ие». Пиаже еңбектерінің ең құнды жағы - оның алғаш рет бала үлкенге қарағанда ақыл-ойы кемдеу, ақымақтау деген көзқарастан бала ойлауының өзіндік сапалық ерекшеліктері болатыны жөніндегі мәселені қойып, зерттеуінде.
Пиаже Т. Симон зертханасында жұмыс істеп жүріп, мектепке дейінгі Баланың сөйлеуіне ерекше мән берді. Оны әсіресе балалардың тест сұрақтарына берген жауаптарындағы қайталанатын қателер қызықтырды. Балабақша жағдайында өткізілген эксперименттік зерттеу нәтижесінде балалардың бос іс-әрекеті барысында (сурет салу, жапсыру, ойын) айтқан сөздері мен жасаған әрекеттері жүйелі түрде тіркеліп отырды. Пиаже талдауы бала сөйлеуін екі топқа бөлуге болатынын көрсетті: