Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы Л.С. Выготский (1896-1934) «Сана мінез-құлық мәселесі ретінде» деген мақаласында жоғары психикалық функцияларды зерттеу жоспарын құрады. Оның психикалық дамуды түсіндірудегі мәдени-тарихи көзқарастары жоғарғы психикалық функциялардың пайда болуы және дамуы, адамның психикалық дамуының спецификалық мәселесі, "оқу және даму" мәселесі, психикалық дамуды зерттеудегі екі парадигма мәселелерімен байланысты.
1920-1930 жж. Л.С. Выготский мәдени-тарихи даму теориясын дамыта бастады. Бұл теорияны одан әрі дамытқан А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, А.Р. Лурия, Л.И. Божович, М.И. Лисина және т.б. болды.
Мәдени-тарихи көзқарастар ғалымның "Баланың мәдени даму мәселесі" (1928), "Психологиядағы инструменталды әдіс" (1930), "Бала дамуындағы құрал және белгі" (1930), "Жоғарғы психикалық функцияның тарихи дамуы" (1930-1931), "Ойлау және сөйлеу" (1933-1934) және т.б. еңбектерінде ашып көрсетеді.
Ол жоғаргы психикалық процестерді зерттеудегі тәсілді "атомистік" деп атады. Л.С. Выготский әлементарлы психикалық функцияны (табиғи даму фазасы) және жоғарғы психикалық функцияны ("мәдени" даму фазасы) ажыратты. Л.С. Выготскийдің болжамында әлементарлы және жоғарғы психикалық функциялардың арақатынасы мәселесінде жаңа шешім көрсетілген. Бұлардың басты айырмашылыгы - табиғи психикалық процестер адамның реттеуіне берілмейді, ал жоғаргы психикалық функцияны адамдар саналы түрде реттей алады. Л.С.Выготский саналы реттеу жоғарғы психикалық функция қызметімен байланысты деген пікірге келді. Байланыстырушы болім арқылы адам реакцияны және стимул - құрал немесе белгі. Белгілер (немесе стимул - құрал) - еңбек құралына қарағанда физикалық әлемді өзгертпейді, керісінше психикалық құрал. Белгі - бұл әртүрлі мағына беретін шартты символ.
Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылық ерекшеліктерін көрсетеді:
1. Циклдік. Баланың өмір сүру барысында даму мазмұны, қарқыны, уақытты ұйымдастыру күрделі дамудан өтеді. Қарқынды даму бәсеңдеумен ауысады. Бала өміріндегі бағалы ай оның даму циклінде қандай орын алатынымен анықталады. Балалық кездегі ай жасөспірімділік кездегі айға тең келмейді.
2. Дамудың біркелкі еместігі. Тұлғаныңның әр түрлі жақтары, психикалық функциялардың дамуы біркелкі болмайды.
3. Бала дамуындагы "метаморфоза". Даму сандық өзгерістермен сипатталмайды. Даму тізбектелген сапалық жаңа құрылыммен сипатталады. Бала психикасы дамудың әр кезеңінде өзінің ерекшелігімен ерекшеленеді.
4. Бала дамуындагы эволюция мен инволюция үрдістерінің үйлесімі. Инволюция үрдісі прогрессивті даму заңцылығына қосылған. Алғашқы кезеңде қалыптасқан ерекшелік келесі кезеңде сөнеді, өшеді, өзін жоғалтады. Мысалы, сөйлеуді үйренген бала бьшдырды тоқтатады.
Л.С. Выготский шетелдік психологияда орын алып келген зерттеулерді „атомистік" деп санап, әлеуметтік даму факторын ескеруге негізделген психологияны құрғысы келді. Ол жоғары психикалық функциялардың дамуына әлеуметтік фактордың рөлін көрсетіп қана қоймай, олардың бала психикасына нақты әсер ету механизмдерін ашуға тырысты.
Л.С. Выготский төменгі қарапайым психикалық функциялар (табиғи даму фазасы) мен жоғары психикалық функцияларды („мәдени" даму фазасын) бөліп көрсетті. Ол осы екі түрлі функциялардың арақатынасын зерттей келе, олардың арасындағы негізгі айырмашылық ырықтылық деңгейінде деді, яғни табиғи психикалық функциялар адам тарапынан реттелуге келмейді, ал жоғары психикалық функцияларды адам саналы түрде реттей алады, басқара алады.
Әсер ететін стимул мен адам реакциясы арасьшда қосымша байланыс, жанама буын - стимул-амалдар немесе белгілер пайда болады.
Белгілер (стимул-амалдар) - бұл басқа еңбек кұралдарынан ерекшелігі физикалық дүниені емес, ал олармен әрекет ететін субъектінің санасын өзгертеді. Белгі - бұл белгілі мән-мағынасы бар кез-келген шартты символ.
Адамның өзімен шығарыла алатын стимул-амалдарға қарағанда, белгілер баламен жасап шығарылмайды, ал ересектермен қарым-қатынасы барысында игеріледі. Сөз - әмбебап белгі. Психикалық іс-әрекетті реттеу тәсілі ретіндегі белгілерді интериоризация (ішке ауыстыру) механизмі балада адамға тән жоғары психикалық функциялардың пайда болуына әкелетін бала психикасын өзгерту механизмі болып табылады.
Л.С. Выготский: „Баланың мәдени дамуындағы кез-келген функция бастапқыда сахнаға екі рет, екі жоспарда шығады, бастапқыда - әлеуметтік, ал сосын - психологиялық, басында интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, содан соң интрапсихикалық категория ретінде баланың ішінде көрініс табады" - деген. Бастапқыда жоғары психикалық функциялар ұжымдық мінез-құлық түрінде, басқа адамдармен бірлескен іс- әрекетте, ал тек содан кейін интериоризация арқылы баланы
өзінің жекедара функциясына айналады.
Л.С. Выготский бойынша, сана алдын ала берілмеген, ол тек интериоризация үрдісінде пайда болады.
Л.С. Выготский жогары психикалық функциялардың даму
ұгымына құбылыстардың екі тобын жатқызады:
- мәдени даму мен ойлаудың сыртқы тәсілдері ретінде
тілді, жазуды, санауды, сурет салуды меңгеру үрдістері; арнайы жоғары психикалық функциялардың (ырықты зейін, логикалық ес, ұғымдардың және т.б.) даму үрдістері.
Жоғары психикалық функциялардың айрықша белгілері жанамалылық, ырықтылық, жүйелілік; жүре қалыптасады; үлгілерді интериоризациялау жолымен дамиды.
Келесі жұмыстарында Выготский белгінің мағынасын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Осының арқасында ол балалық ақыл-ой
дамуының эксперименттік теориясын өңдеп, оны 1934 ж. «Ойлау
және сөйлеу» атты басты еңбегінде жазган.
Жоғарғы психикалық функцияның айрықша белгілері: ерік-
тілік, жүйелілік, жанамалылық, өмір барысында қалыптасуы,
интериоризация үлгісі жолымен қалыптасуы.
Адамның психикалық дамуының спецификалык
мәселесі. Л.С.Выготский биологиялық, эволюциялық идеяга
қарсы ол тарихилық, дамудың мәдени-тарихи тұжырымдамасын
қойды. Адамның онтогенездегі дамуына реалды және идеалды
формаларын қарастыруға болады. Ересек адамның жоғарғы
психикалық функциясы, сөйлеуі және іс-әрекеті-балаға онтогенетикалық дамуға бағыт беретін идеалды форма.Әлеуметтік
орта - жекедара психикалық дамудың қайнар көзі.