Психология кафедрасы



бет17/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
В. Дәм түйсiктерi
Дәмдi айыратын мүше — тiлiмiздегi дәм бүршiктерi. Оны тiтiркендiретiн белгiлi дәмi бар, суға ерiгiш түрлi химиялық заттар. Дәмдi тәттi, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледi. Дәм, иiс түйсiктерi бiрiмен-бiрi араласып жататындықтан адам көбiнесе дәмдi де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тымауратқан адамның дәмдi айыруы бәсең болатындығы — дәм, иiс түйсiктерiнiң араласып жататындығына жақсы мысал. Тiлдiң түрлi бөлiктерi дәмнiң жоғарыда аталған төрт түрiн түрлiше сезедi. Мәселен, тәттi дәмдi — тiлдiң ұшы, ащыны -тiлдiң түбi, қышқылды — тiлдiң екi жақ шетi, тұзды тiлдiң ұшы мен екi шетi жақсы сезедi. Егер дәмi бар затты тiлдiң ортасына салса, адам көпке дейiн оның дәмiн ажырата алмайды. Өйткенi, дәм сезетiн бүршiктер тiлдiң ортасында болмайды. Балада дәм түйсiгi ерте дами бастайды. Бұлар түрлi тамақ заттарының қасиеттерiн айыра алу жолымен жетiледi. Дәм түйсiктерi де адам психологиясына түрлiше әсер етiп, iз қалдырып отырады. Мәселен, дәмдi. тағамдар — адамның тәбетiн арттырады. Тәбет — дәм жүйкесiн қоздыратын психикалық акт. Асты көңiл қойып, сүйсiне iшу адамға қай жағынан да, қандай жағдайда да қолайлы әсер етедi. Түйсiктердiң басқа түрлерi сияқты дәм түйсiгiн де адам қажетiне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсiбiнде iстейтiн адамдардың (дегустаторлардың) дәм түйсiгi айтарлықтай жетiлген.
Г. Терi түйсiктерi
Терi түйсiгiнiң рецепторы — денедегi терiнiң өн бойына орналасқан. Терi түйсiгi сондай-ақ тiлдiң, мұрынның кiлегей қабықтарында да мол. Терi түйсiктерiнiң өзi бiрнешеге бөлiнедi. Олар: тактиль (сүйкенiс), қысым, дуыл түйсiктерi), температура (жылыны, салкынды бiлдiретiн түйсiктер) және ауырғанды бiлдiретiн түйсiктер. Терi түйсiгi рецепторларының есебi жоқ. Тек ауырғанды бiлдiретiн нүктелердiң өзi ғана денемiзде 900 мыңнан асып жатады. Терiнiң түрлi алаптарында сезгiштiк бiрдей емес. Мәселен, денеге заттың тигенiн тiлдiң, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезедi. Бiр жерiмiздiң ауырғанын жақсы сезетiн: арқа мен бет терiлерi, ал нашар сезетiн: саусақ ұштары мен алақан. Дененiң киiм жауып тұратын жерлерi де ыстық пен суықты өте сезгiш келедi. Терi түйсiктерiнiң қалыптасуына да ми кабығы астындағы жүйке құрылымдары елеулi рөль атқарады. Мәселен, жұлынның бiр бөлегiн кесу арқылы терi нүктелерiнiң бiреуiнiң сезiмталдығын жоюға болады. Кейбiр аурулар адамды жылылықты, суықтықты, ауырғанды сезбейтiн күйге түсiредi. Мұндай жағдайда тiптi адам денесi күйiп қалса да, оның ауырғанын сезбейдi, бiрақ адамда осы түйсiктiң қалған түрлерi өз қалпында сақталуы мүмкiн. Терi түйсiктерi арқылы адам заттардың формасын, кедiр-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын жақсы айыра алады. Сондықтан да тұйсiктiң осы түрi, әсiресе, көзi көрмейтiн адамдар үшiн ерекше маңызды болады.
Ғ. Сипай сезу түйсiктерi
Адамдардың еңбек әрекетiнде ерекше орын алатын түйсiктерiнiң бiрi — сипай сезу (осязание) түйсiгi. Мұның екi түрi бар. Бiрiншiсi — пассив сипай сезу. Бұған терi түйсiгi түгелдей кiредi. Екiншiсi — актив сипай сезу. Актив сипай сезу терi және қозғалыс түйсiктерiнiң ұш-тасып келуiнен көрiнедi. Актив сипай сезу, түйсiгiнiң рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсiк — әрекеттiң нақтылы бiр түрiнiң ықпалымен күштi дамып отырады. Мәселен, тәжiрибелi диiр-меншiлер ұнды уқалап керiп, оның сапасын қай жердiң бидайынан тартылғандығына дейiн қатесiз айтып бере алады.
Сипай сезу түйсiктерiнiң жалпы еңбек процесiнiң “ұсақтүйек” ерекшелiктерiн меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегiнiң дағдыларына үйретуде, сондай-ақ соқыр, мылқау, керең адамдардың тiршiлiгiнде ерекше орын алатыны түсiнiктi.
Д. Органикалық түйсiктер
Түйсiктердiң екiншi тобына — органикалық түйсiктер жатады. Бұлардың рецепторлары iшкi мүшелердiң қабаттарына (өңеш, қарын, iшек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, iш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатын сезiнулер органикалық түйсiктерге жатады. Адам тоқ, денi сау кезiнде немесе iс-әрекет үстiнде түйсiктердiң бұл түрiн байқай бермейдi. И. М. Сеченов сондықтан да түйсiктердiң бұл тобын “көмескi түйсiктер” деп атаған. И. П. Павлов мектебiнiң зерттеулерi көрсеткендей, денi сау адамның органикалық түйсiктерi оның жалпы “хал-күйiнiң” негiзi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет