Психология кафедрасы


дәріс. Қабылдау жөнінде жалпы ұғым



бет20/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

6 дәріс. Қабылдау жөнінде жалпы ұғым.
Сабақтың жоспары:
1. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
2. Қабылдаудың негізгі заңдылықтары
3. Бақылау және қабылдау.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады.
Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.
Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.
Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.
Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi
А) Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжiрибемiзде ұшыраған кейбiр объектiлердiң жеке бөлiктерi, шет жағасы, үзiндiлерi ғана қабылданса да, бiз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер “Дударай” операсындағы Мариям әнiнiң басталуын ғана құлағымышз шалса, осы әннiң мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктенi жеке ноқат ретiнде кабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесi деп түсiнедi. Өйткенi, қабылдаудағы жеке бөлiктер жиналып келiп, тұтас нәрсенiң бейнесiн құрайды.
Ә) Қабылдаудың мағыналылығы
Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығын жақсы көрсетедi. Ол объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектiнiң аты сөзбен (екiншi сигнал жүйесi) берiлсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзiмiз түсiнбейтiн тiлде сөйлеген сөздердi мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тiлдi шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тiлiндегi сөздерге жақсы, толық түсiнетiндiктен ғана оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсiнудiң қарапайым түрi — тану. Нәрсенi танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып екiге бөлiнедi. Жалпылай тану дегенiмiз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердiң өздерiне тән қасиеттерiн бiле бермейдi. Объектiлердi даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкiндiк туады. Мәселен, көпшiлiк арасынан таныс адамды бiрден тану, көп киiмнiң iшiнен өз пальтоңды бiрден тану оп-оңай.
Б) Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектiлердiң iшiнен бiреуiн iрiктеуiмiз (оның қасиетiн, сапасын) қабылдаудың тақдамалылығы делiнедi. Мәселен, кiтап оқығанда ондағы бiрер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете беремiз. Егер кiтапта “университет” деген сөз “унверситет” деп қате жазылса да, бiз оны “университет” деп дұрыс оқимыз. Кiтап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңiл бөлiнетiндiктен, мұндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әрiптерге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстiң мазмұны ұғылмай, күңгiрт қалып қоятын кездерi болады.
Қабылдауда зейiн аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектiнiң назар аударылған белгiлерiн, қасиеттерiн, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Бiздiң назар аударатынымыздың iшiндегi ең бастылары, қазiрде iстеп жатқан әрекетiмiзге қажет қызықтыратын, қажетiмiзге жарайтын нәрселер болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлi объективтiк (объктiлердiң ерекшелiктерiне — күшi, қозғалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субъективтiк (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсiнуi, сол кездегi психикалық көңiл-күйi т.б.) себептерге де байланысты болып келедi.
Мұғалiм бiрнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бiр баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейiн қояды. Сонда мұғалiмнiң объектiсi сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөндi еленбейдi. Қабылдауда ерекше айқын көрiнiп тұрған нәрсе (жоғарыдағы мысалда баланың сабақты жақсы айтуы) фигура делiнедi де, қалғандары (осы сұрақка жөндеп жауап бере алмаған оқушылар) соның фоны болады. Сөйтiп, аса зейiн қойған зат әр кезде фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептелiнедi. Осылайша түрлi жағдайда әркiмнiң өзiнше кабылдауы көбiнесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретшi алдымен екi профильге назар аударса, музей қызметкерi бiрден вазаны көредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет