Зейінді тәрбиелеу жолдары. Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Әдебиеттер: Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2019, - 185 бет
Сабирова Р.Ш., Жансерикова Д.А., Лазарева Е.А. Психология және адам дамуы. Сызбалар. Оқу құралы. 2019
Ишанов П.З, Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Электронды кітап. (https://web.smart-kitap.kz/
Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.
Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.
Першина Л.А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л.А. Першина. - М: Академический Проект, 2004.- 436 с.
Маклаков А.Г., Общая психология: Учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- СПб.: Питер, 2004.- 583 с.:ил..- (Серия " Учебник нового века").
Вопросы психологии познавательной деятельности: Сб.науч.тр. / Моск.гос.пед.ин-т им.В.И.Ленина; И.Л.Баскакова и др..- М., 1981.- 144 с.